6025

Бақыт Сұлтанов Қазақстан Православ Шіркеуінің басшысымен кездесті

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Бақыт Сұлтанов пен Астана және Қазақстан митрополиті Александр алдымыздағы православ христиандарының мерекелерін ұйымдастыру және өткізу мәселелерін талқылады.

Кездесуге, сондай-ақ, астаналық шіркеу округінің өкілі Архимандрид Сергий қатысты.

Бақыт Сұлтанов митрополитті және барша праволав христиандарын Пасха алдындағы жексенбі мерекесімен және келе жатқан Пасхамен құттықтады.

Әкім қала тұрғындарының рухани өміріндегі Православ шіркеуінің маңызды рөлін, оның бейбітшілік пен тыныштықты нығайтудағы үлесін атап өтті.  

Ол мерекелерді ұйымдастыру және өткізу барысында Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі тарапынан қауіпсіздіктің қамтамасыз етілетіндігін алға тартты.

Қазақстан митрополит округінің басшысы өз кезегінде Мәскеу және бүкіл Ресейдің Қасиетті Патриархы Кириллдің батасымен 12 мамырда Қазақстанға Ресейден Аса қасиетті Құдай ананың бейнесі бар ғажайып Феодоров иконасының жеткізілетінін мәлімдеді.

Бұл – Құдай ананың бейнесі бар ең көне иконалардың бірі. Оның тұрақты орны – Қострома қаласындағы Богоявленск-Анастасия кафедралы соборы.

Сонымен қатар, кездесуде елордадағы төртінші православ шіркеуі құрылысының барысы сөз болды.

Кездесу қорытындысы бойынша митрополит Александр ризашылығын білдіріп, Бақыт Сұлтановқа конфессияаралық қарым-қатынасты қолдағаны және нығайтқаны үшін алғыс хатты табыстады.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109