Тұрғындар өз сайлау учаскесін Smart Astana қосымшасы арқылы таба алады
Мобильді қосымша 9 маусымда өтетін Қазақстан Президентін сайлау күні дауыс беру орнын анықтауға мүмкіндік береді, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ресми сайты.
Қосымша сайлау учаскелерін қағаз тізімнен іздеу қажеттігінен арылуға көмектеседі.
«Цифрлы ғасырда барлық іс-әрекеттер жеңілдетілген. Өзіңіздің қай сайлау учаскесіне қарайтыныңызды білу үшін біздің қосымшаға кіріп, өз аты-жөніңізді немесе ЖСН-ді немесе мекен-жайыңызды енгізу керек. Бұдан кейін қосымша сіздің қай жерде дауыс беретініңіз туралы мәліметтерді ұсынады, тіпті, сайлау учаскесінің орналасқан жерін картада көрсетеді», – деп жазды өзінің Facebook-тегі парақшасында Astana Innovations компаниясының баспасөз хатшысы Әсел Әлімханова.
Қосымшаны мына сілтемелер арқылы жүктеп алуға болады: Android - http://clc.to/android_ai және IOS - http://clc.to/iosai.
Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz