1041

Жұмыс орындарының қауіпсіздігі - басты назарда

Дүниежүзілік еңбекті қорғау күні қарсаңында елордада құрылысшылар мен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық кәсіподағының III Конгресі өтті, деп xабарлайды қалалық әкімдіктің ресми сайты.

«Біз бұрынғыдай өркениетті еңбек жағдайларын қамтамасыз етуді, қауіпсіз жұмыс орындарын ұйымдастыруды басты назарға алып отырмыз. Бірақ 2019 жыл Қазақстан жастарына арналғандықтан, осы өзекті мәселелердің барлығын жас ұрпаққа табыстаудың өзіндік мәні бар. Оның үстіне кәсіподақ қатарындағы жастардың саны жыл сайын артып келеді», – деді  Құрылыс кешені мен ТКШ қызметкерлерінің салалық кәсіподағының қалалық «Астана» филиалының төрағасы Тілеулес Мадиярова.

Конгресс аясында Дүниежүзілік еңбекті қорғау күніне орай байқау номинанттарын марапаттау рәсімі өтті. Байқаудың мақсаты – өз мамандығы бойынша елеулі жетістіктерге жеткен, жұмысты қауіпсіз жүргізу бойынша үздік жас мамандарды анықтау және көтермелеу, сондай-ақ жастардың белсенді өмірлік ұстанымын, ұйымның өндірістік және қоғамдық өміріне қатысуға дайындығын қалыптастыру.

Үздік кәсіпорындар мен елордалық ұйымдардың өкілдері үш номинацияда дипломдар және кубоктармен марапатталды. «Қауіпті жұмыстардың қауіптілігін барынша азайтудың үздік ұйымы» марапатына «Астана – Теплотранзит» АҚ және «Arabtec Consolidated Contractors Limited» компаниясының филиалы лайық деп танылды.

«Еңбекті қорғау бойынша үздік техникалық инспектор» болып «Астана қалалық-жарық» ЖШС И.Х.Өмірбеков танылды. «Мамандығы бойынша үздік жас мамандар» атағын «Астана су арнасының» маманы Ф.Ж.Алдынгурова мен «Мемсараптама» маманы Б.Серікхалиев алды.

Сондай-ақ, «Жас маманның бір күні» ролигы үшін «Көрермен көзайымы» сыйлығы «Астана қалалық сәулет» ЖШС-ге табысталды.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109