Студенттер «Елбасы және Қазақстан» көрмесін тамашалады
Нұр-Сұлтан қаласының Ұлттық архивінде елорда студенттері үшін «Елбасы және Қазақстан» тақырыбында экскурсия өткізілді, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.
Көрме аясында келушілер ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қызметінен сыр шертетін құжаттармен, фотосуреттермен танысты. Шараға қоғамдық даму басқармасының, «Жас Отан» жастар қанатының, Қазақстан студенттерінің одағы мен Жастар конгресінің өкілдері де қатысты.
Ұйымдастырушылардың айтуына қарағанда, мұнда қонақтардың назарына Тәуелсіз Қазақстанның тарихынан сыр шертетін құнды құжаттар ұсынылған. Олардың арасында еліміз егемендік алғаннан кейін алыс және жақын шетелдердің архив мекемелері «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында әкелген тарихи құжаттар да бар. Сондай-ақ, олар архивтегі құнды құжаттар қатарының алдағы уақытта толықтырылатындығын алға тартты.
Экскурсия барысында елордалық студенттер құнды құжаттармен танысып қана қоймай, тәуелсіз мемлекеттің құрылу кезеңі туралы қызықты мәліметтерге қанықты.
Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz