6108

Елорда әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды

Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің өкімімен елорда әкімінің орынбасары қызметіне Ерлан Каналимов тағайындалды, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің ресми сайты.

Әкім орынбасары әлеуметтік қорғау, ішкі және жастар саясаты, ақпарат, мәдениет, денсаулық сақтау, дене шынықтыру және спорт мәселелеріне жауапты болады.

Каналимов Ерлан Ермекұлы 1982 жылдың 22 тамызында Целиноград қаласында туған. Білімі жоғары, 2003 жылы Астана қаласының Басқару институтын «экономист» мамандығы бойынша, 2007 жылы Қазақстан-Ресей университетін «заңгер» мамандығы бойынша тәмамдаған болатын.

Еңбек жолын Астана қаласы Сарыарқа ауданы әкімі аппараты ұйымдастыру-бақылау және кадр бөлімінің бас маманы ретінде бастады.

2005 жылы Сарыарқа ауданы әкімінің кеңесшісі қызметін атқарды.

2005-2006 жылдар аралығында Астана қаласы Сарыарқа ауданы әкімі аппараты ұйымдастыру-бақылау және кадр бөлімінің басшысы болды.

2006-2007 жылдары – Сарыарқа ауданы әкімінің кеңесшісі.

2007-2009 жылдары – Астана қаласы әкімі аппараты ұйымдастыру –инспекторлық бөлімінің меңгерушісі.

2009-2013 жылдар аралығында – Астана қаласы әкімі аппараты басшысының орынбасары.

2013-2015 жылдар аралығында – «Зорлық-зомбылық немесе зорлық-зомбылық қаупі салдарынан қиын жағдайға тап болған адамдарға арналған дағдарыс орталығы-баспанасы» КММ директоры.

2015-2018 жылдар аралығында Астана қаласы Ішкі саясат басқармасының басшысы болып жұмыс істеді.

2018 жылдың 20 наурызынан бүгінге дейін Нұр-Сұлтан қаласы Байқоңыр ауданының әкімі қызметін атқарды.

Үйленген, 4 баланың әкесі.

ЕЫҚҰ Саммитін ұйымдастыру және өткізуге қатысқаны үшін ҚР Президентінің Алғыс хатымен (2010), ҚР Президентінің сайлауын өткізуге қатысқаны үшін ҚР Президентінің Алғыс хатымен (2015), «Қазақстан Республикасының Конституциясына 10 жыл», «Ерен еңбегі үшін» медальдарымен марапатталған.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109