4284

Өз сайлау учаскеңізді ұялы телефон арқылы білуге болады

Әкімдік қала тұрғындарына Telegram әлеуметтік желісіндегі @smartastana_bot арқылы нақты уақыт режимінде өзінің сайлау учаскесі туралы мәлімет алуға мүмкіндік береді, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.

"2019 жылы 9 маусымда Қазақстанда кезектен тыс президент сайлауы өтеді. Азаматтарды сайлаушылар тізіміне енгізу үшін оның сайлау учаскесінің аумағында тұрғылықты жері бойынша тіркелу фактісі негіз болып табылады. Өзінің сайлау учаскесі туралы мәліметтерді Telegram әлеуметтік желісіндегі @smartastana_bot чат-боты арқылы тексеруге болады.

Мұндай мүмкіндік алғаш рет беріліп отыр, сондай-ақ барынша қолайлылығымен ерекшеленеді", - деп xабарлады әкімдіктен.

Сонымен қатар, өз сайлау учаскеңізді Бірыңғай байланыс орталығындағы "Қалалық қызметтер" бөлімінде Smart Astana мобильдік қосымшасы, Астана әкімдігінің сайты арқылы, сондай-ақ 24/7 режимінде 109 телефоны арқылы білуге болады. Maps.astana.kz порталынан сайлау учаскелерінің шекаралары мен орталықтарын қаланың электрондық картасы бойынша, сондай-ақ Whatsapp және Instagram арқылы сайлаушының мекенжай деректерін (көше, үй) енгізу жолымен жүзеге асырылады.

Естеріңізге сала кетейік, елордада 304 сайлау учаскесі тіркелген, оның 239-ы жергілікті жерлерде және 65-і шет елдерде, өкілдіктерде, елшіліктерде және консулдықтарда орналасқан. 

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109