«Астана-АЭК» тұтынушылар алдында есеп береді
Тыңдау 30 сәуірде өтеді, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.
«Астана - Аймақтық электр желілік компаниясы» АҚ өткен жылы электр энергиясын беру және тарату туралы тұтынушыларға және басқа да мүдделі тұлғаларға жыл сайын есеп беретіні туралы хабарлаған болатын.
«Табиғи монополия субъектісінің қызметі туралы жылдық есеп беру ережесіне сәйкес «Астана-Аймақтық электр желілік компаниясы» АҚ 2018 жылға электр энергиясын беру және бөлудің реттеліп көрсетілетін қызметтері түрі бойынша өз қызметі туралы есептік тыңдау өтетінін хабарлаймыз», - делінген компания таратқан ақпаратта.
Тыңдау 30 сәуірде сағат 16:00-де мына мекен-жай бойынша өтеді: Домалақ ана көшесі, 9 үй, «Астана-АЭК» АҚ-ның мәжіліс залы.
Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz