10970

Әкімдікте «Сергек» жобасының жүзеге асырылу барысы, қараусыз қалған электрмен қамту нысандары мен «1000 орын – көше саудасы» бағдарламасының проблемалары талқыланды

Бүгін Бақыт Сұлтановтың төрағалығымен қалалық әкімдіктің кезекті отырысы өтті, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.

Күн тәртібіндегі бірінші мәселе «Сергек» жобасын іске асыру барысына қатысты болды. Бұл туралы қала әкімінің орынбасары Малика Бектұрова баяндады.

«Қоғамдық қауіпсіздік деңгейін арттыру бойынша «Сергек» жобасы аясындағы тапсырманы орындау шеңберінде келесі жұмыстар жүргізілуде: рұқсат етілмеген қоқыс тастайтын жерлер бойынша аудан әкімдіктері 24  мекенжайдың жиынтық тізімін жіберді, оның 16 нысаны реттеліп, іске қосылды. Бейне жазба полиция департаментінің ЖБО-ға және бақылау мен мониторинг үшін әкімдіктің аxуалдық орталығына шығарылады. Қазір видеоны тікелей аудан әкімдіктерінің тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету бөлімдеріне шығару мәселесі пысықталуда», - деді М.Бектұрова.

Қаланың шет жағында нөлдік төзімділік принципін іске асыру шеңберінде Көктал-1, Көктал-2, Пригородное, Ильинка елді мекендерінде электр қуаты мен видеобақылау орнатылған барлық жерде қондырғыларды техникалық тұрғыдан орнату бойынша зерттеулер жүргізіліп, бұрмалы әрі бекітілген камералар орнатылды.

Криминогендік аудандар бойынша құқықтық статистика комитетімен бірлесе отырып, тіркелген қылмыстардың санына орай мекенжайлар бойынша жұмыстар жүргізілді. Мәселен, 10 ең криминогендік аулада үш жүзге жуық жалпы бейнебақылау камералары орнатылды.

«Қала тұрғындары мен қонақтарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында мен қаланың барлық маңызды нысандарында «Сергек» бейнебақылау камераларын бейнебақылау камераларымен қамтылмаған қала тұрғын алаптары мен көшелерінде орнатуды  тапсырған болатынмын», - деді Б.Сұлтанов.

Сәуір айында пайдалануға берілмеген нысандар бойынша инженерлік желілердің жұмыс істеуі, гараждарды бұзу мәселелері, сондай-ақ жалаңаш сымдар, кабельдің ілінуі сияқты тағы да бірнеше проблемалық мәселе пайда болды.

Жыл басынан жалаңаш сымдардың, кабельдердің, электр сымдарының жалғануы мәселелері бойынша 653 өтініш келіп түсті, яғни күніне орта есеппен алты өтініш түседі.

«Қоршалған сымдар, салбырап жатқан кабельдер, қараусыз қалған электрмен жабдықтау нысандары мәселесі ашық құдықтар сияқты қала тұрғындарының өмірі мен қауіпсіздігіне қауіп төндіреді. Бұл біздің коммуналдық қызметімізге және отын-энергетика кешенін басқаруға тән шаруашылық емес», – деді Нұр-Сұлтан қаласының әкімі.

ОЭК және коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Ербол Төлеуовтың айтуынша, бүгінгі таңда қаланы уақытша электрмен жабдықтау сызбасы бойынша (өткізгіш кабельдері бар) 15 нысан жабылған. Осы объектілерді электрмен жабдықтаудың тұрақты схемасына қайта қосу «Астана-АЭК» АҚ инвестициялық бағдарламасына енгізілді.

Қала әкімі Нұр-Сұлтан қаласын электрмен қамтамасыз ету нысандарын түгендеуді және жүйедегі кемшіліктерді жоюды тапсырды.

Сондай – ақ, «1000 орын - көше саудасы» бағдарламасын іске асыру барысы да әкім назарында болды.

Б.Сұлтановтың айтуынша, кәсіпкерлер сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке және «Атамекен» ҰКП-ға ӘКК-мен жасалған шарттың талаптарына жиі шағымданады, келісімшарт ӘКК-нің мүдделерін қорғайды, рұқсат беру кезінде кейде коммуникация қызметтерімен, ПИК-пен, жақын маңдағы үйлердің тұрғындарымен, аудан әкімдіктерімен және полиция департаментімен сауда орындары келісілмейді. Сол себепті кәсіпкерлерде проблемалар туындайды.

«Барлық учаскелерде инфрақұрылым жоқ: электр, кәріз, су құбыры. Осы жерден тамақтан улануға, санитарияның жоқтығына қатысты тұрғындардың шағымдары пайда болады», – деп атап өтті Сұлтанов.

Кәсіпкерлер, сондай-ақ, өтінім беру тетігінің ашық еместігіне, ӘКК сайтында ақпараттың болмауына, пайдаланушы үшін күрделі жүйелік талаптарға шағымданады.

Осыған байланысты «Astana» ӘКК басқарма төрағасы Рүстем Қуанышбаевқа тәртіп орнату, рұқсат беру тетігін реттеу және шарттық міндеттемелердің нақты орындалуын қамтамасыз ету тапсырылды. Өз кезегінде қала әкімінің орынбасары Малика Бектұроваға сауда нысандарына мониторинг жүргізу, сондай-ақ қоғамдық тамақтану орындарында санитарлық нормалардың сақталуын қамтамасыз ету жүктелді.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109