1609

26 наурызда ЖКО салдарынан зардап шеккендер сақтандыру төлемдерін қалай алады

Бұл туралы ақпаратты «Астана LRT» компаниясы жариялады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

26 наурызда елордада ірі жол-көлік оқиғасы орын алған еді. 

«Астана LRT» ЖШС мен «№1 автобус паркі» АҚ өкілдері ауруханада жатқан зардап шеккендерге барып, төлемдер бойынша қажетті ақпарат берді.

«Астана LRT» компаниясында мәлімдегендей, бұдан бұрын «№1 автобус паркі» АҚ зардап шеккендерге өтемақы төлейтін сақтандыру компаниясымен шарт жасасқан болатын. Алайда төлемдерді алу тек сот шешімінен кейін жүзеге асады. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде. Сот шешімі шыққаннан кейін зардап шеккендерге өтемақы төленеді.

Қазір зардап шеккендер немесе олардың өкілдері құзіретті мамандарға жүгіне алады.

«Егер сіз №53, № 12 маршруттардың жолаушысы немесе ЖКО қатысушылары болған жеңіл автомобильдердің иесі/жолаушысы болсаңыз, онда Сізге Сарайшық көшесі, 5, «Лазурный квартал» ТК мекенжайы бойынша орналасқан Nomad Insurance сақтандыру компаниясына өз бетіңізше хабарласу қажет.

Егер сіз № 301 бағыттағы автобустың жолаушысы болсаңыз, онда сіз  №1 Автобус паркінің заң бөліміне xабарласуыңыз қажет. Мекенжайы: Пушкин көшесі, 37/2, 209 каб. Жұмыс кестесі: сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін, түскі үзіліс сағат 13:00-ден 14:00-ге дейін.

Бұл ретте мынадай құжаттарды ұсыну міндет: жеке куәлік, егер зардап шеккен адамның өкілі жүгінген жағдайда, мүдделерді білдіруге сенімхат (нотариалды куәландырылған), билет немесе көлік картасының нөмірі бойынша жол жүруді нақтылау. Нақтыланған ақпаратты «Астана LRТ» ЖШС-де алдын ала алу керек.

«Аталған мекенжай бойынша зардап шеккендер барлық сұрақтар бойынша кеңес ала алады», – делінген компанияның хабарламасында.

 

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109