13848

Үлескерлік құрылыс мәселелеріне қала әкімінің орынбасары Асқар Амрин жауапты болады

Қала әкімдігінде жаңа тағайындауларға байланысты әкім орынбасарының функционалдық міндеттері қайта қаралды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Әкімдіктің мәліметінше, үлескерлік құрылыс мәселесі құрылыс саласымен байланысты болғанымен, белгілі бір ерекшеліктері бар. Атап айтқанда, үлескерлік құрылыс мәселесі құқық қорғау органдары мен салық органдарының қатысуымен, сондай-ақ қаржылық мәселелер ескеріле отырып қаралады. Сондықтан қала әкімінің орынбасары Асқар Әмрин құрылысқа үлестік қатысу бойынша ведомствоаралық комиссияның жұмысын үйлестіруді жалғастырады.

Айта кетейік, Асқар Әмрин салық, бюджеттік және экономикалық саясат, жұмылдыру дайындығы, шұғыл әрекет, аумақтық және азаматтық қорғаныс, азаматтарды әскери қызметке шақыру, құқық бұзушылықты болдырмау, сондай-ақ, үлескерлік құрылыс мәселелеріне жауапты.

А. Амриннің төрағалығымен 1 наурыздан бастап құрылысқа үлестік қатысу бойынша ведомствоаралық комиссияның 10-шы отырысы өтті.

ВАК шеңберінде келесі жұмыс жүргізілді:

«Аспан» ТК – Мемлекеттік комиссия актісіне қол қойылды;

Осы жылдың 13 наурызынан бастап төтенше жағдайлар жөніндегі әкімдік резерві есебінен (17,0 млн. теңге бөлінді), «Магистральный -3» тұрғын үй кешенінде (1-ші, 2-ші кезек) құрылымды нығайту жұмыстары басталды. Құрылымдарды нығайту жұмыстары аяқталған соң осы жылдың мамыр айында нысан пайдалануға беріледі.

Ал, «Елорда құрылыс компаниясы» құрылысын аяқтап жатқан «Шығыс», «Жағалау» КТК бойынша «Нұрлы Жер» бағдарламасының аясында аталмыш құрылыс нысандарын қайта қаржыландыру тетіктері қарастырылды.

Осы жылдың 1 мамырына дейін «ASI» құрылыс компаниялар тобы, қала әкімдігінің уәкілетті ұйымы «Елорда құрылыс компаниясы» ЖШС, «Банк Центр Кредит» АҚ, «Проблемалық кредиттер қоры» АҚ, басқарушы компания «Марк Труман» ЖШС және жеке инвесторлар «Building Challenger» ЖШС басты келісімге келеді. Оның шеңберінде мамыр айының бірінші онкүндігінде ынтымақтастық жасалады.

Сондай-ақ, «Шығыс» КТК-нің 5 нысаны бойынша 24 сәуірде «Елорда құрылыс компаниясы» ЖШС, «Samruk-Kazyna Construction» АҚ (Жылжымайтын мүлік қоры) және «ASI» компаниялар тобының Жылжымайтын мүлік қорына  алдындағы міндеттерін белгілеу туралы келісім жасалды.

«Елорда құрылыс компаниясы» ЖШС өзіне міндеттеме қабылдап, құрылысы аяқталмаған объектілер мен жер учаскелерінің жылжымайтын мүлік қоры салған ауыртпалықтардан босатылуын қамтамасыз етті. Осының барлығы аталмыш нысандардың құрылысын қайта бастауға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, «Азбука жилья» тобының проблемалық объектілерінің құрылысын қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді. Бүгінгі таңда «Елорда құрылыс компаниясы» ЖШС-мен құрылысты аяқтауға 5 шарт жасалды, онда 2 нысан бойынша «Гарант» АТК және «Жеті Жол» АТК құрылыс жүргізілуде, жасалған шарттар бойынша 2 нысан аясында «Айсанам Де Люкс» АТК және «Садовые кварталы» АТК ағымдағы жылдың 18 сәуірінде мердігерді анықтау үшін мемлекеттік сатып алу порталында конкурс жарияланды, «Комфорт» АТК бойынша мердігерлік ұйым анықталды, ол ағымдағы жылдың мамыр айында құрылысқа кіріседі. 

«Комсомольский» АТК нысаны бойынша қосымша жер учаскесін бөлу тетігі әзірленді, онда ағымдағы жылдың маусым айында мердігерді анықтау үшін мемлекеттік сатып алу порталында конкурс жарияланады.

Сондай-ақ, «Жастар 4» АТК, «Зере-1» АТК, «Тұран Сығанақ» АТК, «Самал» АТК, «Территория комфорта 1» ТК, «Future home Astana» АТК, «Араби-2» АТК, «Гранитный-2» АТК, «Кургалжынский квартал» АТК, «Куршавель» АТК және т.б. проблемалық объектілер құрылысының экономикасын жақсарту үшін жер учаскелерін алуға әкімдіктің уәкілетті ұйымымен жәрдем көрсетіледі.

Естеріңізге сала кетейік, жаңа міндеттерді бөлу бойынша қала әкімінің орынбасары Нұрлан Нұркенов қала әкімдігінің қабылдаған қаулыларының, әкімнің шешімдері мен өкімдерінің Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкестігі, сәулет және қала құрылысы қызметі, құрылыс, жер қатынастары саласы, Нұр-Сұлтан қаласының тұрғын үй ғимараттары мен құрылыстарын апатты деп тану мәселелері бойынша жауап береді.

 

 

 

 

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109