3193

Елордалық ардагерлер кеңесінің төрағасы ҰОС қатысушыларын құттықтады

Құрметті Ұлы Отан соғысы және тыл ардагерлері!

Сіздерді Ұлы Жеңістің 74 жылдық мерейтойымен шын жүректен құттықтаймыз!

Сіздердің Ұлы Отан соғысындағы көрсеткен ерліктеріңіз, тірі жан шыдамас қиындыққа төзіп, еліміз6 жеріміз үшін жан аямай айқасып, неміс-фашист басқыншыларын жеңіп, келесі ұрпақтарыңыздың өсіп-өніп жетіліп, егеменді Қазақстанның мықты да гүлденген мемлекет болуына қосқан үлестеріңіз ешқашан да ұмытылмайды.

Сіздер аманат еткен ұлтаралық татулық, тұрақтылық, бейбітшілік біздер үшін әрқашанда еліміздің ең бір қасиетті ұстанымдардың бірі бола бермек.

Бүгінгі күні Сіздер жастарды отансүйгіштікке, адалдыққа тәрбиелеуге үлкен үлес қосып келесіздер.

Жеңіс күні 9 мамыр мерекесі қарсаңында Сіздерге зор денсаулық, қажымас қайрат, баянды ұзақ ғұмыр тілейміз. Алдағы уақытта да қаланың, сонымен қатар еліміздің гүлденуі үшін жастарға патриоттық тәрбие беру жолында белсенді үлес косады деп сенеміз.

Зор денсаулық, балаларыңызға, немере-шөберелеріңізге амандық тілейміз!

Құрметпен,

қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сансызбай Есілов

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109