Елордада кәсіпкерлерге байқау жарияланды
Қазақстан астанасында «Бизнестің жол қартасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде шағын кәсіпкерлік субъектілеріне, оның ішінде ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерге, жас кәсіпкерлерге, әйелдерге, мүгедектерге және 50 жастан асқан адамдарға арналған (өз бизнесін құруға) мемлекеттік гранттарға байқау жарияланды.
Байқауды ұйымдастырушы – «Нұр-Сұлтан қаласының Инвестициялар және кәсіпкерлікті
дамыту басқармасы» ММ. Конкурс ашық түрде өтеді.
Қатысу үшін өтінімді Бейбітшілік 11, 113 мекенжайындағы Нұр-Сұлтан қаласының «Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы» ММ-ге тапсыру қажет.
Құжаттар 2019 жылдың 14-24 мамыры аралығында, жұмыс күндері сағат 09:00-ден 17:30-ге дейін қабылданады.
Көрсетілген мерзім өткеннен кейін түскен өтінімдер қабылданбайды.
Қосымша ақпараттар үшін байланыс телефондары: 55-69-02, 55-69-03, 55-69-10, 55-69-21;
-
Мемлекеттік гранттар ұсыну тәртібі Docx 37.05 Кб
-
Грантқа өтінім Docx 21.66 Кб
Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz