Дәрігерлер рецептсіз дәрі-дәрмектерді сатып алмауға кеңес береді
Қазақстанда 7 792 дәрі-дәрмек тіркелген, оның ішінде 6 033 рецепт бойынша, 1 759 рецептсіз босатылады, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.
Дәрігерлер дәріні, оның ішінде бактерияға қарсы препараттарды албаты қабылдай беру жүрек және жүйке жүйесіне зақым келтіруі мүмкіндігі туралы ескертеді. Әсіресе қорқыныштысы - дәрілік затқа төзімділік, яғни микроорганизмдердің бактерияға қарсы препараттарға қарсы иммунитеті.
«Бүгінгі күні пенициллин, стрептомицин, канамицин сияқты антибиотиктер іс жүзінде қолданылмайды, себебі микроорганизм осы препараттарға үйреніп алған. Фармацевтикалық компаниялар үнемі жаңа дәрілер ойлап табуға жұмыс жасайды. Бұл жағдайпациенттер тарапынан антибиотиктерді бей-берекет қабылдауға байланысты жүріп жатыр. Оларды түрлі жағдайда, тұмауға қарсы - вирустық инфекция кезінде де қабылдайды. Антибиотиктер вирусқа әсер етпейді, ол бактерияға әсер етеді. Ол вирустық инфекция немесе басқа ма тек дәрігер ғана анықтай алады. Мен барлық адамдарды денсаулықтары нашарласа тек дәрігердің қабылдауына баруға кеңес беремін», деді №9 қалалық емхананың бас дәрігері Сәуле Смағұлова қаладағы дәріханаларда дәрі-дәрмек босату мәселесіне арналған брифингте.
Нұр-Сұлтан қаласындағы Денсаулық сақтау министрлігінің дәріхана комитетінің бөлім меңгерушісінің міндетін атқарушы Ералы Нұрғазиннің айтуынша, фармацевтке рецептсіз дәрі-дәрмек босатқаны үшін 70-ден 100 АЕК, ал дәріханаларға - 130-дан 1000-ға дейінгі АЕК мөлшерінде айыппұл салынады.
Мамандардың айтуынша, қазіргі уақытта Қазақстанда 7 792 дәрі-дәрмек тіркелген, оның ішінде 6 033 рецепт бойынша, 1759 рецептсіз босатылады. Оларға витаминдер, мұрын тамшылары, сироптар, шөп шайлары кіреді.
Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz