9871

Жастарға ҮЕҰ-дың жұмысы туралы баяндалды

«Астана жастары» ресурстық орталығы «Қазақстан студенттерінің альянсы» жастар ұйымының көшбасшысы Ілияс Түстікбаевтың жастармен кездесуін ұйымдастырды, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Мұндай кездесулер Жастар жылы аясында өткізілетін іс-шаралардың ерекше бағыты саналады және жастардың үкіметтік емес ұйымдармен танысуына мүмкіндік береді.

Ілияс Түстікбаев жастарды Қазақстан студенттер альянсының қызметімен таныстырды. Аталған жастар ұйымы республика бойынша жастар, мәдениет, экология мен білімді қолдау салаларында маңызды жобаларды іске асырады.

Кездесу барысында қалалық деңгейдегі жастар мәселелері, жастар өмірінің сапасы, жастар мен билік институттарының өзара жұмыс жасау нысандары мен механизмдері, азаматтық және саяси белсенділікті арттыру қажеттіліктері, сайлауға қатысу мәселелері талқыланды.

«Елорда жастары – жауапты және терең ойлы. Жастар қала өміріне үлкен мән беріп, барлық іс-шараларға белсенді қатысады. Жастарға жағдай мен мүмкіндік жасау – біздің ортақ мақсатымыз. Мақсатқа жету жолында өрісті диалог пен бірлескен жұмысқа мұқтажбыз. Бүгінгі кездесу өте қызықты өтті», деді «Қазақстан студенттерінің альянсы» жастар ұйымының басшысы І. Түстікбаев.

Кездесу «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында өтті.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109