Осы аптада өтетін мәдени және спорттық іс-шаралар
Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ресми сайты 27 мамыр – 2 маусым аралығында қаладағы мәдениет және спорт мекемелерінде өтетін апталық шаралар жоспарын ұсынады.
«Жастар» сарайы
27 мамырда сағат 19:00-де – Қазіргі және эстрадалық «Радуга» би студиясының және «Время» би театрының «Радуга времени!» атты есептік концерті
1 маусымда сағат 12:00-де – Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің кубогы үшін «Барлық балалар ән айтады!» іс-шарасы
2 маусымда сағат 12:00-де – Қала әкімінің кубогына «Барлығы ән айтады!» Чемпионатының бірінші іріктеу туры.
«Астана Опера» МОБТ
28 мамырда сағат 19:00-де – «Melodía de la pasión» («Құштарлық әуені») концерті.
«Астана» концерт залы
27 мамырда сағат 19:00-де – Қазақ КСР халық әртісі, ҚР мәдениеті қайраткері, әнші, композитор Ғ. Құрманғалиевтің 110 жылдығына арналған концерт
31 мамырда сағат 19:00-де – Қазақ оркестрінің «Алжир аналарға тағзым» атты музыкалық театрландырылған қойылымы
1 маусымда сағат 17:00-де – Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Бала тілегі» мерекелік концерті
2 маусымда сағат 19:00-де – Симфония оркестрінің «Лучшая музыка Disney и DreamWorks» балаларға арналған концерті.
Қ. Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театры
30 мамырда сағат 10:00-де – Т. Теменовтың «Ырылдақ қүшік» ертегісі.
«Жастар» театры
28 мамырда сағат 19:00-де – Е. Уахитовтың «Құдалар» комедиясы.
Бейбітшілік және келісім сарайы
31 мамырда сағат 18:30-да , 1, 2 маусымда сағат 17:00-де – «Жас қанат» республикалық телефестивалі.
«Хан Шатыр» ОСО аумағы
30 мамыр мен 2 маусым аралығында сағат 10:00-22:00-де – «Nur-Sultan Ethno Fest» Әлем халықтарының этномәдени фестивалі
31 мамыр мен 2 маусым аралығында сағат 10:00-де – Жамбы атудан «Алтын жебе» І Әлем чемпионаты.
«Астана Арена» стадионы
31 мамырда сағат 14:00-де – Бірінші Лига командалары арасындағы футболдан ҚР Біріншілігі аясындағы «Астана М» - «Алтай» командаларының ойыны
31 мамырда сағат 19:00-де – Премьер-Лига клубтары арасындағы футболдан ҚР Чемпионаты аясындағы «Астана» ФК - «Жетісу» ФК ойыны.
«АЛЖИР» мемориалдық кешенінің аумағы
31 мамырда сағат 10:00-де – Саяси қуғын-сүргін мен тоталитаризм құрбандарына арналған мемориалға гүл қою рәсімі.
«1932-1933 жылдардағы ашаршылық құрбандарына тағзым» Монументі (Абай даңғылы мен Республика даңғылының қиылысы)
31 мамырда сағат 15:00-де – «1932-1933 жылдардағы ашаршылық құрбандарына тағзым» Монументіне гүл қою рәсімі.
Қ. Мұнайтпасов атындағы орталық стадион
1 маусымда сағат 9:00-де – Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған жеңіл атлетикадан Нұр-Сұлтан қаласының чемпионаты.
«Қазақ елі» алаңы
1 маусымда сағат 10:00-де – Балалар мен жасөспірімдердің музыкалық оркестрлері мен ансамбльдерінің шеруі.
«Астаналық» саябағы
1 маусымда сағат 10:30-да – Гір көтеруден Нұр-Сұлтан қаласының Чемпионаты.
Қ. Мұнайтпасов атындағы орталық стадион
1 маусымда сағат 11:00-де – Балаларды қорғау күніне арналған мектепке дейінгі балалар арасында веломарафон «Беговел».
«Алатау» СК
1, 2 маусымда сағат 11:00-де – Пауэрлифтингтен ерлер және әйелдер арасындағы Нұр-Сұлтан қаласының ашық чемпионаты.
«Астаналық» саябағы
2 маусымда сағат 8:00-де – «Run 24-1» жүгіріс сайысы.
ҚР мемлекеттік рәміздер алаңы
2 маусымда сағат 10:00-де – «Jastar Bike» бұқаралық жүгіріс сайысы.
Ботаникалық саябақ, «Астаналық», «Жерұйық», «Жетісу», саябақтары
2 маусымда сағат 10:00-де – Нұр-Сұлтан қаласы саябақтарында «Fitness Park Nur-Sultan» бағдарламасы бойынша спорттық іс-шаралар.
Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz