3714

Елордада жыл басынан 11 үрлемелі батут өз жұмысын уақытша тоқтатты

Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі Төтенше жағдайлар департаменті және аудандық әкімдіктерімен бірлесе отырып, балалардың жарақаттану және өлім-жітім оқиғаларының көбеюіне байланысты үрлемелі батуттардың жұмысын уақытша тоқтатуға бағытталған шараларды қабылдады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Инвестиция және кәсіпкерлікті дамыту басқармасының хабарлауынша, Орталық, «Жетісу», «Жерұйық» және «Студенттік» саябақтарының әкімшілігі жүргізген жұмыстардың нәтижесінде жыл басынан 11 үрлемелі батут жұмысы тоқтатылды.

Қазіргі уақытта қала әкімдігі сауда, ойын-сауық орталықтары аумағында ойын-сауықтық нысандарды орнатуға рұқсат бермейді.

Кәсіпкерлер сауда орталықтарында және басқа да жеке меншік объектілерде батуттарды екі кәсіпкерлік субъектісі арасында жалдау шарты негізінде орналастырады. Сонымен қатар, заңды тұлғаның жарғысында, атап айтқанда, сауда орталығының иесі аумақты жалдауды қамтамасыз етуі тиіс.

Сондай-ақ, саябақ әкімшіліктері келісім-шарт бойынша жел секундына 10 метр жылдамдықпен соққанда, ауа-райының тұрақтанғанына дейін батуттар және аттракциондар жұмысын тоқтатуы тиіс.

«Сонымен қатар, бүгінгі таңда Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Өнеркәсіптік даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті батуттардың және аттракциондардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету ережесін әзірледі», – деп атап өтті инвестиция және кәсіпкерлікті дамыту басқармасында.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109