8500

Балаларды қорғау күні қарсаңында Елордада қандай іс-шаралар өтеді

1 маусымға арналған іс-шаралар жоспары 41 іс-шараны қамтиды, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан қаласының сайты.

1 маусымда "Барыс Арена" көпфункционалды мұз сарайында «Жұлдызай» мүмкіндігі шектеулі балалар шығармашылығының XIV Халықаралық фестивалі және балалар мен жастардың музыкалық оркестрі мен ансамбльдерінің шеруі өтеді.

Көп балалы және аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларға 750 тегін билет таратылатын болады. Аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан 2000-нан астам бала түрлі іс-шараларға қатыса алады. Сондай-ақ барлық ұйымдастырылған акцияларда мүгедектігі бар балалардың қатысу мүмкіндігі қарастырылған.

Сонымен қатар, 1 маусымда қала бойынша қоғамдық көлікте барлық балаларға тегін жол жүру мүмкіндігі қарастырылып, жетім балаларға бір жолғы төлемдер белгіленген.

Одан бөлек, 450 балаға бір реттік жәрдемақы беру көзделген.

Айта кетейік, 30 мамыр мен 2 маусым аралығында «Хан Шатыр» СОО аумағында Nur-Sultan Ethno Fest фестивалі аясында елордада «Алтын жебе» атты садақ атудан І Әлем чемпионаты өтеді. 31 мамырдан 2 маусымға дейін Бейбітшілік және келісім сарайында «Жас қанат»республикалық телефестивалі өтпек.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109