8017

Елордалық жәрмеңкеге Түркістан облысы жеміс-жидек пен көкөністердің алғашқы өнімін жеткізеді

1-2 маусымда Нұр-Сұлтан қаласында Түркістан облысының Ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің қатысуымен ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Жәрмеңкеге 116 млн теңгенің 365 тонна өнімі жеткізіледі.

81 тонна ет пен ет өнімдерін, 145 тонна көкөніс, 29 тонна сүт өнімдерін, 10 тонна көкөніс пен жеміс - жидек, 10 мың дана жұмыртқа, 5 тонна балық, 2 бал және басқа да өнімдерді әкелу жоспарлануда.

Жаңа егіннен 8 тонна болгар бұрышы, 6 - баклажан, 5 - өрік, 10 - картоп, 3 тонна шие әкелінеді.

Отандық тауарлар нарықтағыдан 10-15% төмен сатылады.

Сонымен қатар, 1 маусым күні "Халықаралық балаларды қорғау күні" қарсаңында жәрмеңкеде 16 жасқа дейінгі балаларға Түркістан облысы кәсіпорындарынан табиғи балмұздақ пен сүт өнімдерін тегін тарататын болады.

Жәрмеңкелерді өткізу кестесіне сәйкес, Түркістан облысы 4 рет келіп, 28-ден астам ауыл шаруашылығы өнімдерін әкеледі. Республикада өндірілген ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы көлемі бойынша Түркістан облысының үлесі 15,2% құрайды.

Жәрмеңке «Қазақстан» спорткешенінің аумағында өтетін болады, шілде айынан бастап "Хан Шатыр" СОО аумағында өткізу жоспарланған.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109