3873

Ертең Нұр-Сұлтанда Comic Con Astana фестивалі басталады

31 мамыр мен 2 маусым аралығында Астана EXPO Конгресс орталығында алғаш рет Қазақстанда және Орталық Азияда Comic Con Astana фестивалі өтеді. Ауқымды іс-шараға Disney, Marvel, Wargaming, Turner (Cartoon Network), НВО (Home Box Office Int., Warner Bros.Entertainment), Nickelodeon және Sony Pictures Entertainment сияқты әлемдік брендтер қатысатынын растады.

Фестиваль аясында бірнеше орындар: танымал кейіпкерлермен танысып, қызықты сұрақтар қою үшін кино-павильоны, негізгі сахна, автограф-сессия залы, үстел ойындары мен халықаралық студиялардың кибер аймағы жұмыс істейтін болады.

Ne Prosto Orchestra симфониялық оркестрі өнер көрсететін фестивальдің салтанатты ашылуы ертең, 31 мамыр күні сағат 15.00-де өтпек. 

1 маусымда фестиваль хэдлайнері Йохан Филип "Пилу" Асбектің – «ИГРА ПРЕСТОЛОВ» сериалының жұлдыздары келеді деп күтілуде. 12.00-де актердің шығармашылық табынушылары үшін баспасөз конференциясы мен автограф-сессиясы өтеді. 

Фестивальдің соңғы күні NINETY ONE тобының концерті жоспарланған. 2 маусым күні сағат 12.30-да музыканттардың қатысуымен баспасөз конференциясы, ал өнер көрсету кешкі сағат 20.00-де өтеді. 

Сонымен қатар, қонақтар комикс әлеміндегі жаңалықтардың тұсаукесерін, косплей жұлдыздарымен бірге автограф-сессияларды, фильмдер мен сериалдардың арнайы көрсетілімдерін, панельдік сессиялар мен мастер-класстар, киберспорттан чемпионат, комикстер көрмесі, косплей сайысы, ұтыс ойындары, сыйлықтар мен жүлделер күтеді. Сондай – ақ, ұйымдастырушылар келушілер үшін тағы бір фантастикалық Meka роботының көрінісін дайындады.

"Гик-әлемнің" маңызды оқиғаларының бірі балаларды қорғау күніне орайластырылған, ал фестивальді Қазақстанда Astana Convention Bureau атынан Нұр-Сұлтан әкімдігі ұйымдастырды.

Comic Con Astana билеттерін жобаның www.comicconastana.com ресми сайтынан Zakazbiletov.kz сервистің көмегімен алуға болады.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109