8499

Нұр-Сұлтанда балалар музыкалық оркестрінің ауқымды шеруі өтті

Шараға 8 мыңнан астам мектеп пен колледж оқушылары, музыкалық мектеп оқушылары, өнер мектебі, оқушылар сарайы, ҚазҰӨУ және «Жас Ұлан» Республикалық мектебі тәрбиеленушілері қатысты.

Балаларды Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының төрағасы Дариға Назарбаева, Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі Күләш Шамшидинова және Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Бақыт Сұлтанов құттықтады.

«Нұр-Сұлтан - жастар қаласы. Мектеп оқушылары, студенттер, жас жұмысшылар, мамандар, ғалымдар - біздің қаламыздың басты тұрғындары, оның үздік өкілдері. Мен еліміздің жас ұрпағына сенемін. Сіздердің күштеріңіз ойлау қабілеттеріңізде, салауатты амбицияда, бұрын ешкім жасамаған нәрсені жасауға дайын болуларыңызда. Сіз жассыздар, батылсыздар. Қолдарыңыздан барлығы келеді. Мен сендердің әрқайсыларыңның жетістіктеріңе сенемін. Сіздердей талантты, әдемі, күшті және батыл жандарға іскерлік пен сәттілік тілеймін. Мерекелеріңізбен! », - деп кұттықтады Дариға Назарбаева .

Шерудің бірегей ерекшелігі - аудан әкімдері, білім беру ұйымдарының басшылары, «Әкелер кеңесі» ата-ана қоғамының өкілдері алғаш рет балалар шеруіне қатысты. Шеруге арнайы білім беру қажеттіліктері бар балалар қатысты.

Жыл сайын Халықаралық балаларды қорғау күніне орайластырылған бұл жоба танымал болып келеді, себебі балалар осы күні барлық жастарды біріктіріп, бейбітшілік, достық, өзара құрмет елшілері ретінде келіп, ал музыканың күші оларды біріктіруші күш болып табылады.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, балалар мен жасөспірімдердің музыкалық оркестрлері мен ансамблінің үшінші шеруі жарқын музыкалық мереке болды. Сегіз мың бала бірігіп Нұр-Сұлтан қаласы туралы жаңа әнді ұсынды. Мектеп оқушылары мен колледж студенттері өздерінің ата-аналары, оқытушылары мен астана қонақтары алдында өтті.

Алматы ауданы балаларының шеруі кезінде эстрадалық музыканың мерекелік ритмі шырқалды. Байқоңыр ауданы «модерн» стилінде өнер көрсетті. Сарыарқа ауданы халық музыкасын салып, көрермендерді ежелгі заманға қайтарды. Есіл ауданы классикалық музыканы орындады, сондай-ақ танымал фильмдер мен мультфильмдерден әуендерді шырқап берді.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109