Елордада жас жұбайларға сайлау учаскесінде неке туралы куәлік берілді
Елордалық жас жұбайлар Мирас пен Жанель Абдрахман № 35 мектеп-лицейіндегі №142 сайлау учаскесінде неке туралы куәлігін алды, деп хабарлайды әкімдіктің ресми сайты.
Жас отбасылық жұпты сайлау учаскесінде жылы қарсы алып, «Сарыарқа» ауданының АХАТ өкілі жас жұбайларға неке куәлігін табыс етті. Аудан әкімшілігінің атынан жас жұбайларды өмірдегі маңызды оқиғамен – отбасын құруымен құруымен құттықтады.
«Біз бір ұйымда қызмет еттік, бір жылдан астам уақыт кездесіп, үйленуге шешім қабылдадық. Сайлау - біздің еліміз үшін тарихи күн және біз онымен некемізді байланыстыруды шештік. Бүгін біз еліміздің болашағын таңдаймыз» - деді Мирас Абдрахман.
Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz