6445

Елордалық команда «Айбын» республикалық әскери-патриоттық жастар жиынына қатысуға дайындалып жатыр

Жыл сайынғы дәстүр бойынша Қарағанды облысының «Спасск» оқу-жаттығу орталығында бесінші «Айбын» республикалық әскери-патриоттық жастар жиыны өтеді, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Оған Қазақстанның барлық түкпірінен, сонымен қатар таяу шетелден келген әскери-патриоттық клубтардың үздік өкілдері, әскери мектеп курсанттары, жоғарғы оқу орындары мен  колледждерінің студенттері қатысады.

Қатысушылар әскери-қолданбалы спорт түрлерінен, әскерилендірілген эстафетадан, «IQazaqstan» (АйкьюҚазақстан) интеллектуалдық ойынында, «Meniń robotym» (Менің роботым) және «Aibyn daỳysy» (Айбын дауысы) сайыстарында, сонымен қатар, әскери-далалық тактикалық ойынында бақ сынасатын болады.

Нұр-Сұлтан қаласы Қорғаныс істері жөніндегі департаменті қалалық білім басқармасымен бірлесе отырып, 2019 жылғы 3 сәуір мен 5 мамыр аралығында жиынға қатысу үшін әскери-патриоттық клубтар арасында іріктеу жұмыстарын өткізген болатын. Іріктеу турларына әскери-патриоттық клубтардан 1000 аса тәрбиеленуші қатысты. Барлығы жиындарға қатысу үшін 10 бозбала мен 5 бойжеткен іріктелді. Ірікеуден өткен әр қатысушы сақадай сай, дене бітімі шыныққан, қаруды санаулы секундтарда бұзып-жинайды, білімі де шыңдалған. 

Нұр-Сұлтан қаласының құрамасы 5 жыл бойы жеңіс тұғырынан түскен емес, 2015 жылы 1-орынды иеленсе, 2016-2018 жылдары жүлделі 3-орынды иеленіп келген. Биылғы жылы команданың басты мақсаты – жеңіс!

«Біз жиындарға жеңу үшін бара жатырмыз, себебі біз біліміміз бен дайындығымызға сенімдіміз, Елордамызға биыл сыйлық етеміз жеңісімізді», - деген өз үмітімен жиынға қатысушы Виолета Гофман бөлісті.

Еске сала кетсек, «Айбын» республикалық әскери-патриоттық жастар жиыны алғаш рет 2015 жылы Қарағанды облысы «Спасск» оқу орталығының полигонында өткізілген болатын. Жиынға 800 астам адам қатысқан, оның ішінде – еліміздің 16 өңірінен әскери-патриоттық клубтардың тәрбиеленушілері, 8 республикалық мектеп-интернаттардың, «Арыстан» лицейінің және «Жас Ұлан» республикалық мектептерінің оқушылары, 25 жоғарғы оқу орындары әскери кафедраларының курсанттары қатысқан.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109