8816

Қазақстан халқы Ассамблеясының көркемөнерпаздар ұжымына «халықтық» атағы берілді

Шығармашылық қызметті жоғары деңгейде қамтамасыз ету, талантты өнерпаз орындаушыларды қолдау мақсатында және қалалық мәдени шараларға қатысқаны үшін 6 ансамбль «Халықтық» атағын алды және тағы үшеуі «Үлгілі» атағымен марапатталды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты Нұр-Сұлтан қаласының Мәдениет және спорт басқармасына сілтеме жасап.

Сонымен бірге «Халықтық» атағы «Вайнах» шешен-ингуш этно-мәдени орталығының ансамбліне, «Мисон» кореялық би ансамбліне, «Раздолье» орыс және казак әндері ансамбліне, «Оберег» украин қоғамының Николай Литошко атындағы вокалдық ансамбльге, «Дуслык» татар-башқұрт вокалдық ансамбліне және «Арқа әуендері» вокалдық тобына берілді. М.Өтемісұлы атындағы Оқушылар сарайының «Эдельвейс» балалар-жасөспірімдер эстрадалық би студиясы,  Нұр-Сұлтан қаласының №64 мектеп-лицейінің «Сарыарқа» би ансамблі және «Наурыз» би ансамблі «Үлгілі» атағына ие болды.

«Көркемөнерпаздар ұжымдары қаламыздағы шараларға белсенді түрде қатысады.  Ашық алаңдардағы жаппай серуендер кезінде қала тұрғындары мен қонақтары сіздердің өнерлеріңізді тамашалайды. Қала әкімшілігі көп жылдан бері кәсіби орындаушыларды дайындап, талантты өскелең ұрпақтың бірнеше буынын шығармашылық пен өнер жолдарына түсіріп, ерен еңбектеріңіз үшін  алғыс айтады», - деді Нұр-Сұлтан қаласының Мәдениет және спорт басқармасының басшысы Болат Мажағұлов.

«Ұжымымыз енді ғана құрылған жылдары балаларды іздеп, ансабльге шақыратынбыз. Ал, қазіргі кезде 60-тан аса бала тәлім алуда. Бірінші кезекте бұл педагогтар мен хореографтардың зор еңбегі. Сол еңбектің бағалануы біз үшін үлкен қолдау және одан әрі жаңа белестерді бағындыруға ынталандырады», - деді Нұр-Сұлтан қаласының корейлер этно-мәдени бірлестік төрағасының орынбасары Роза Пак.

Айта кетейік, «Халықтық» және «Үлгілі» атақтары «Мәдениет туралы» ҚР Заңына сәйкес беріледі және көркемөнерпаздар ұжымдары үшін маңызды оқиға болып табылады.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109