9044

Алтай Көлгінов ТЭЦ-2 және қала көшелерін жарықтандыруды тексерді

Елорда әкімі Алтай Көлгінов қаланың тыныс-тіршілігіне жауап беретін нысандарды аралап шықты, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің ресми сайты.

Алтай Көлгінов ең алдымен ТЭЦ-2 жұмысы мен қаланың жарықтандыру сапасына мән берді.

Қаланы жылу мен сумен қамтамасыз етуде ТЭЦ-тің маңызы ерекше зор.

Әкімге нысанның қазіргі жағдайы мен алдағы жылыту маусымына дайындығы баяндалды.

Алтай Көлгінов жылыту маусымына дайындықты алдын-ала жүргізу қажеттігін атап өтті.  

Бүгінде  ЖЭО-1, ЖЭО-2 бүгінде елордадағы 2513 көпқабатты үйді жылу энерго ресурстармен қамтамассыз етеді.

"Жылыту маусымы кезінде тұрғын үйлерге үздіксіз жылуды қамтамасыз ету үшін алдын-ала, осы бастан дайындалуымыз тиіс"-  деді әкім.

Алтай Көлгінов нысандарды аралау барысында қала көшелерін жарықтандыруды тексерді. Елорданы жарықтандыру қала тұрғындарының түнгі уақыттағы қауіпсіздігінің кепілі.

Елбасының тапсырмасына сәйкес Smart City жобасы аясында елорда көшелерін жарықтандырудың тиімділігін қамтамасыз ету жұмысы жүргізілуде. Осы орайда, әкім аталған бағыттағы жұмысты күшейту қажеттігін атады.

"Қалада  шамдар жанбай тұрған немесе мүлдем жарығы жоқ көшелер бар. Өйткені олар қала балансына алынбаған. Бұған жол беруге болмайды.  Оның үстіне әсіресе жаз уақытында балалар мен үлкен адамдардың жүруіне кедергі келтіреді. Қауіпсіздік мәселелері шұғыл әрекетті қажет ететінін түсінуіміз керек", - деп өз пікірін білдірді Алтай Көлгінов.

Елорда әкімі нысандарды аралау барысында "Есіл" өзенінің жағалауын, "Жастар" шағын ауданын және "Нұрлы Жол" вокзалы аумақтарын абаттандыруды тексерді.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109