5296

Жалпы қалалық жәрмеңкеде 300 ден астам бос жұмыс орындары ұсынылады

2019 жылдың 25-26 маусым күні сағат 10:00-13:00 аралығында Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Халықты жұмыспен қамту орталығы» жалпықалалық бос жұмыс орындар жәрмеңкесін өткізеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Жәрмеңке Республика даңғылы, 34 мекенжайында орналасқан «Жастар» сарайында өтеді. Іс-шараға 100-ден астам жұмыc беруші қатысады. Олар мыңнан астам бос жұмыс орнын ұсынады. Жәрмеңкеге келушілер жұмыс берушілермен тікелей сұхбаттасып, түйіндемелерін қалдыра алады.

Сондай-ақ, шарада оқу орындарының түлектеріне «жастар тәжірибесі» бағдарламасы айтылып, азаматтарға әлеуметтік жұмыс орындары ұсынылады. Жұмыспен қамту орталығының мамандары қысқа мерзімді кәсіби оқуға қызығушылық танытқан келушілерге де толық ақпарат береді.

Жыл басынан бері орталық арқылы 2800 адам жұмысқа орналасты. Олардың 92-сі әлеуметтік жұмыс орындары, 1 820-сы қоғамдық жұмыстар болса, 830-дан астам азамат тұрақты жұмысқа орналасқан.

Бүгінде жұмыспен қамту орталығында 7 мыңнан бос жұмыс орындары ұсынылып отыр. Бұл бос жұмыс орындарының 58%-ының жалақысы 100 мың теңгеден жоғары.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109