4698

Нұр-Сұлтанда «Шаттық» фестивалі 4-6 шілде күндері өтеді

Елорда күніне орай 4-6 шілде күндері Нұр-Сұлтан қаласында дәстүрлі «Шаттық» халықаралық жас таланттар фестивалі өтеді, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Шара аясында жас өнерпаздар қала әкімдігінің алдындағы қалалық алаңда өз өнерлерін ортаға салмақ. Елбасының Жарлығымен 2019 жыл Жастар жылы деп жарияланды. Осыған орай фестиваль «Ел орда – жастар қаласы» тақырыбында өтеді.

Жас өнерпаздар бірнеше жанрда сайысқа түседі. Атап айтқанда, вокал, хореография, аспапта ойнау, сән театры және өзіндік жанр.

Биылғы іс-шараға Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Ресей, Украина, Беларусь, Литва, Грузия, Армения, Болгария, Португалия, Италия, Қытай, Чехия, Израиль, Испания, Сербия, Түркия және т.б. мемлекеттерден делегациялар келеді.

Айтулы шараның қазылар алқасының төрайымы КСРО халық артисі, Социалистік Еңбек ері, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, академик Бибігүл Төлегенова. Сонымен қатар, белгілі музыканттар, композиторлар, продюсерлер, артистер, түрлі мемлекеттерде ірі халықаралық шығармашылық фестивальдарын ұйымдастырушылар да кішкентай жұлдыздардың өнерін бағалайтын болады.

Конкурсанттар жарысы 4 шілде күні сағат 14:30-да басталады. Ал делегацияларды қарсы алу және фестивальдің салтанатты ашылуы сағат 16:00 өтеді.

Одан кейінгі күндері конкурсанттар қазылар алқасының алдында өнер көрсетеді. 6 шілдеде сағат 14:00 «Шаттық» фестивалінің шымылдығы жабылады.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109