Нұр-Сұлтанда грэпплингтен «Asia Open» халықаралық турнирі
27-28 шілде күндері Нұр-Сұлтан қаласында грэпплингтен II Халықаралық «Asia Open» турнирі өтеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Жарысқа Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Литва, Украина, АҚШ және басқа да елдердің өкілдері қатысады деп күтіліп отыр. Турнирдің ерекшелігі, жарысқа еш іріктеусіз кез келген адам қатыса алады. Өткен жылы «Asia Open» 500-ден астам спортшының басын қосты.
Сонымен қатар, осы күндері елордада грэпплингтен әлем кубогы өтеді. Әлем кубогына Қазақстаннан бөлек дүние жүзінің үздік құрамалары саналатын Ресей, АҚШ, Бразилия елдерінің танымал палуандары қатысады. Жарыс матчтық кездесу «құрамаға қарсы құрама» форматында өткізіледі.
Айта кетейік, грэпплинг – барлық күрес түрін қамтитын спорт түрі, яғни дзюдо, самбо, джиу-джитсу, еркін, грек-рим және басқа да спорт түрлері техникаларының жиынтығы болып саналады.
Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz