4638

Чарли Чаплиннің ұлы «Азия жаңғырығы» фестивалінің қазылар алқасына мүше болады

Нұр-Сұлтан қаласында 4-8 шілде күндері елорда күні мерекесі аясында «Азия жаңғырығы» XII халықаралық цирк өнері фестивалі өтеді. Жыл сайын шет мемлекеттерден келген цирк ұжымдары елорда тұрғындары мен қонақтарының назарына әлемдік үздік қойылымдарын ұсынады. Оларды күн сайын Астаналық циркте сағат 16.00-де тамашалауға болады.

Биыл «Азия жаңғырығы» цирк өнері фестиваліне Ұлыбритания, Вьетнам, Мысыр, Израиль, Испания, Қытай, Қырғызстан, Моңғолия, Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан, Украина және Қазақстаннан  60-қа жуық артист қатысады. Фестиваль аясында ресейлік артистер «На слонах вокруг света» аттракционын көрсетпек. Нөмірдің жетекшісі Андрей Дементьев-Корнилов. Би билеген пілдердің ерекше қойылымы Гиннестің рекордтар кітабына енгізілген.

Күрделі әрі теңдессіз трюктер, аң үйретушілердің шеберлігі, әдемі декорациялар мен арнайы эффектілер, жарқын костюмдер – осының барлығы «Азия жаңғырығы» фестивалінің көрермендеріне ұмытылмас әсер қалдырады.

Биылғы цирк өнері фестивалінің тағы да бір ерекшелігі – оған ұлы актер Чарли Чаплиннің баласы қатысады. Қазылар мүшелерінің бірі Халықаралық киноакадемия фестивалінің президенті, цирк фестивальдерінің креативті директоры, белгілі дыбыс режиссері және продюсер Юджин Чаплин. Бұдан басқа, фестивальдің қазылар алқасының құрамына Беларусь мемлекеттік циркінің директоры Владимир Шабан, Үлкен Варшава циркінің директоры Ержи Козиак, Рига мемлекеттік циркінің директоры Лолита Липинская, профессор, Ереван циркінің көркемдік жетекшісі Сос Петросян Иосиф, Украина мемлекеттік цирк компаниясының директоры Сергей Кабаков, Италия халықаралық цирк фестивалінің президенті Фабио Монтико, Firebird Productions, Inc. компаниясының президенті Петр Дубинский және т.б. «Азия жаңғырығы» XII халықаралық цирк өнері фестивалінің режиссері – Ресей халық артисі Таисия Корнилова.

Айта кетейік, қойылымдар билеттерінің бір бөлігі қайырымдылық мақсатта таратылады. Арыс қаласының балалары 4-8 шілде күндері Астаналық циркте өтетін барлық қойылымға шақыру алады.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109