4801

Әкімдік елорданың үздік әнұранын анықтау бойынша байқауды қайта жариялады

Нұр-Султан қаласының әкімдігі елорданың үздік әнұранын анықтау бойынша шығармашылық байқауды қайтадан жариялады. Бұл байқау жастарды  патриотизм сезімінде  тәрбиелеу, қаланың үздік рәміздерін жасау, сондай-ақ ұлттық өнерді одан әрі дамыту және оны кеңінен насихаттау мақсатында өткізіледі, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Өз жұмысын кәсіби және әуесқой композиторлар мен ақындар, музыкалық және шығармашылық топтар, сондай-ақ республиканың тұрғындары мен қала тұрғындары жібере алады. Байқау 2019 жылдың 8 шілдесінен 10 тамызына  дейін жүргізіледі. Гимн кез келген жанрда және әртүрлі орындаушылар үшін жазылуы мүмкін.

 Байқауға қатысқысы келетіндер Нұр-Сұлтан қаласының Қоғамдық даму істері басқармасына 2019 жылдың 10 тамызынан кешіктірмей мына материалдарды тапсыруы керек: 1. Толтырылған өтінім. 2. CD-форматында алдын-ала таңдау үшін жұмыстың аудио жазбасы. 3. «Нұр-Сұлтан қаласының Гимні» мәтіні А4 форматындағы 1 беттен (4-5 шумақтан) аспауы тиіс және электронды түрде BAIKAU.KZ@MAIL.RU поштасына  жолдау қажет. Байқауға бағытталған Гимн  бұрын жарияланбауы тиіс және оның сөзінде республиканың астанасына рухани, отансүйгіштік, махаббат пен мақтаныш идеялары көрсетілуі керек. Қазылар алқасы белгілі композиторлардан, ақындардан, және ұйымдастыру комитетінің мүшелерінен тұрады. Байқаудың жеңімпазы дипломмен және 3 000 000 теңге ақшалай сыйлықпен марапатталады. Байқауға бұрын жіберілген Гимннің мәтіндері қайта қабылданбайды.

Құжаттар мына мекенжай бойынша қабылданады: Бейбітшілік көшесі, 528 кеңсе, «Үздік гимн» номинациясы бойынша. Сол сияқты  55-66-30 нөмеріне хабарласуға болады.  

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109