6498

Елорда күніне орай қандай шаралар өтеді

Осы аптада қала тұрғындарының сүйікті мерекелерінің бірі – Елорда күні өтеді. Әдеттегідей, саябақтарда, тұрғын алаптарында түрлі мерекелік шаралар ұйымдастырылады. Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі қала тұрғындары мен қонақтарына арнап түрлі ойын-сауық бағдарламасын әзірледі.

4 шілдеде елордада игі дәстүрге айналған бірнеше фестиваль өтеді.

Бұл күні «Азия жаңғырығы» халықаралық цирк өнері фестивалі ашылады. Көрермендер әлемнің түкпір-түкпірінен келген цирк майталмандарының өнерін тамашалайды. Бағдарламаға үйретілген аңдар, әуе гимнастшылары, эквилибристер, сайқымазақтар, т.б. енгізілді. Сондай-ақ, фестивальге қатысушылардың дәстүрлі шеруі ұйымдастырылады.

Сонымен қатар, 4 шілдеде әкімдік алдындағы қалалық алаңда «Шаттық» халықаралық балалар шығармашылығы фестивалінің шымылдығы ашылады. Кішкентай өнерпаздар ән салып, би билейді, сән көрсетіліміне қатысады.

Шілденің 4-6 күндері елордалық алаңдарда Х «Астана самалы» үрмелі аспаптар оркестрлері фестивалі басталады. 6 шілде күні таңертең шараға қатысатын оркестрлердің шеруі өтеді. Содан кейін қалалық алаңда қала тұрғындары мен қонақтарының назарына плац-концерт ұсынылады.

Ән сүйер қауым 5-6 шілдеде караокеден «Бәрі де ән шырқайды!» чемпионатына қатысады. Балалар мен ересектер ән айтудан жарысады. Халықтық караоке Есіл өзенінің жағасындағы Амфитеатрда өтеді.

Ұлы қазақ ақындарымен, жас жазушылардың шығармашылығымен етене танысқысы келетін жандар үшін елордада «Нұр-Сұлтан – еліміздің бас қаласы, Жастар – болашақтың бастамасы!» атты кітап пен поэзия кеші ұйымдастырылады. 5 шілдеде Абай ескерткішінің жанында Абай оқулары, мәнерлеп оқушылар байқауы, кітап көрмесі өтіп, театрландырылған қойылымдар көрсетіледі.

Осы күні Қалалық алаңда «International Street dance Session in Astana» халықаралық көше биі фестивалі ұйымдастырылады. Жиналған қауым би билеуден топтық жарыстар мен жекпе-жектер тамашалайды.

Мұнымен қоса, ЭКСПО аумағындағы жазғы сахнада The Spirit of Eurasia 2019 халықаралық заманауи этникалық музыка фестивалі өтеді. Мұнда артистер өнер көрсетіп қана қоймай, шеберлердің этникалық қалашығы мен жәрмеңке ашылады.

6 шілдеде Промышленный, Интернациональный, Железнодорожный, Пригородный, Үркер, Көктал-1 тұрғын алаптарында бүкіл отбасыға арналған «Думанды Сарыарқа» мерекелік бағдарламасы көпшілік назарына ұсынылады. Шара аясында эстрада жұлдыздары өнер көрсетіп, мультфильм кейіпкерлерінің киімін киген аниматорлар кішкентай елордалықтарға көтеріңкі көңіл күй сыйлайды.

Мерекелік бағдарламада спорт сүйер қауымға арналған шаралар да қарастырылған.

Олардың қатарында «Болашақ аңыз тұлғалар» атты кәсіпқой бокс кеші де бар. 6 шілдеде «Барыс Арена» мұз айдыны сарайында кештің басты жекпе-жегін бұған дейін жеңіліс таппаған қазақстандық былғары қолғап шебері Жаңқош Тұраров өткізеді.

Елорда күніне арналған салтанатты шаралар легін Ұлттық Домбыра күніне арналған концерт аяқтайды. Шара 7 шілдеде «Қазақ Елі» монументінің алдындағы алаңда сағат 12.00 өтеді. Сондай-ақ, осы күні кешке  сағат 17:00-де Амфитеатрда өнер сүйер қауым «Нағыз қазақ домбыра» атты концертті тамашалайды.

Мерекенің соңғы күндері 7-8 шілдеде Амфитеатр сахнасында тай артистері «Тай түндері» атты концерттік бағдарламасын ұсынады. Бұл шара  Тайланд Корольдігінің Қазақстандағы елшілігінің елорда күніне тартқан сыйы болмақ. Сондай-ақ, концерт Нұр-Сұлтан мен Бангкок қалаларының бауырластық қарым-қатынасының 15 жылдығына орайластырылған. Қала күніне арналған мерекелік шаралар туралы толық ақпарат  www.astanaday.kz ресми сайтында жарияланған.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109