5246

iKOMEK109 қалай құралған

iKOMEK109 қалалық орталығында қала тұрғындарын үш деңгейлі қолдау жұмыс істейді. 109 интеллектуалдық байланыс орталығының операторлары  – бұл бірінші қолдау желісі. Өтініштердің қомақты үлесін оператор үнемі жаңартылып отыратын  кең білімі базасының  арқасында тікелей сөйлесу кезінде шешуге қабілетті. Бірінші желіде 74 оператор жұмыс істейді, қарбалас уақытта 40 операторға  дейін  жұмыс істейді,  олар өтініштердің  76.5 % өңдейді.

Білім базасында мемлекеттік басқармалардың қызметі мен қаланың коммуналдық қызметтері  туралы ақпарат сақталады: анықтамалық ақпарат, коммуналдық қызметтердің жоспарланған және алдын алу жұмыстары туралы деректер –   тізімді ұзағынан жалғастыра беруге болады.  Бірақ егер де қандай да бір себеппен проблеманы бірден шешу мүмкін емес болса, мысалы, сізде ыстық су жоқ, ал база бойынша ауданда ешқандай жұмыстар жоспарланған, онда операторлар өтінішті ПИК-ке және "Астана-Теплотранзит" диспетчеріне (үшінші қолдау желісі) береді және Тіршілікті қамтамасыз етуді мониторингілеу және үйлестіру департаментіне бақылауға қояды, яғни екінші желіге. Екінші желіде тәулігіне 11 инспектор жұмыс істейді, олар коммуналдық қызметтерімен және ведомстволарымен бірге өтініштің 23,5% - ын өңдейді.

Департамент ең нағызғы тексерумен айналысады. Жаңылысу себептерін анықтайды, құзыретті қызметтермен  диалог жүргізеді. Әрбір өтініш бөлек қадағаланады. Мәселелер мәртебесін анық ажырататын статистика жүргізіледі, олар: шешілген мәселелер, толық көлемде орындалмаған  ашық  сұрақтар мен жұмыстар. Соңғылары, айтпақшы, көп көрінуі мүмкін болғанымен олай емес.

Нәтижесі міндетті түрде өтініштің бастамашысына жіберіледі. Осылайша,  iKOMEK109 қалалық орталығына жүгінген әрбір өтініш білдіруші атқарылған жұмыстар туралы кері байланысты жүгінген құралдың көмегі арқылы алады. Мысалы, егер өтініш whatsapp -бот, telegram-бот, әкімдіктің сайты немесе әлеуметтік желілер арқылы келіп түсетін болса, онда жауап сол арқылы жолданатын болады.

Біз iKOMEK109-дағы біздің жұмысты ұйымдастыру туралы баяндауды жалғастырамыз. Өйткені бүгінгі күні біз қала тіршілігін қамтамасыз етудің бүкіл мәселелерін орталықтандырдық және азаматтардың өтініштерін өңдеуде артық буындарды жоя отырып, қала басшылығына  біздің қала тұрғындарын  толғандыратын  күнбе-күнгі мәселелерін түсіну үшін талдамалық құралды бере отырып, қалада қызмет көрсету сапасына бақылауды құрдық.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109