Елордада құтқару тыныс аппараттарын шығаратын завод ашылды
Нұр-Сұлтанда «Akbarys Protection» эвакуациялық құтқару қалқандарын шығарушы жаңа зауыттың салтанатты ашылуы өтті. Зауыттың ашылуына қала әкімінің орынбасары Малика Бектұрова қатысты.
Зауыт «Астана – жаңа қала» АЭА аумағында орналасқан, әкімшілік тарапынан дамып келе жатқан бизнеске барлық көмек көрсетілуде.
Жобаның әлеуметтік мәні - халықты жұмыспен қамтамасыз ету. Олардың басым бөлігі – әйелдер.
Мемелекет басшысы кәсіпкерліктің дамуы мен отандық тауар өндірушілерді қолдауға аса көңіл бөлетінін атап өткен жөн.
Шағын және орта бизнес тұрақты азаматтық қоғамның негізі және барлық қазақстандықтардың әл-ауқаты оның шарықтауына байланысты.
Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz