4297

Астанада ХХІ қалалық «Тіл фестивалі» өтеді

Қыркүйектің 5 мен 30 аралығында Нұр-Сұлтан қаласында ХХІ қалалық «Тіл фестивалі» өтеді. Фестиваль шеңберінде қазақ тілін дамытуға бағытталған түрлі шаралар ұйымдастырылады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты. 

Дәстүрлі тіл фестивалінің мақсаты - тіл мәдениеті, тіл тазалығы, тіл үйлесімінің түйінді тақырыптары мен тәлімдік мәселелерін саралау.
Фестиваль аясында ертең «Мемлекеттік тіл – ұлт тірегі» атты дөңгелек үстелі өтеді. Шараға қазақтың белгілі қаламгері, ғалым Қайырбек Кемеңгер, Қазақстан халық ақыны Қонысбай Әбіл, ҚР суретшілер одағының мүшесі Алмас Сырғабай және өзге де зиялы қауым өкілдері ашып, фестиваль аясында ұлттық ұйысу мен халықтар достығын нығайтудағы қазақ тілінің тұғыры туралы пікірлерін ортаға салады.
Айта кетейік, тіл фестивалі аясында Нұр-Сұлтанда «Менің тілім – Ұлы дала рухы» мерекелік кеші, «Азат елге аманат – туған тілім» жас ақындар мүшәйрасы, «Rýhtime» тұлға-танымдық жобасы, «Ұлы дала есімдері: Ұлт көсемдері мен рухани батырлар» «Елтаным» рухани-танымдық көшпелі дәрісі, «Қазақ тілін оқыту әдістемесі: болашағы және өзекті мәселелері» ғылыми-тәжірибелік конференциясы ұйымдастырылады.
Бұған қоса, қаладағы балабақша мен мектептерде де тіл мәдениетін арттырып, балалардың ана тіліне құрметін күшейту мақсатында түрлі іс-шаралар өткізу жоспарланып отыр.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109