Елордалық оқушылар өздерінің көлік картасымен мектепке кіреді және тамақтану ақысын төлей алады
Елордалық оқушылардың көлік карталары әмбебап болды. Енді олар тек жол ақысын ғана емес және асханада түскі асқа төлем жасап, олардың көмегімен мектептегі турникеттен өте алатын болады деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.
Карточканың 2 бөлек шоты бар:
- Мектеп асханасында тамақтануды төлеу үшін BalaPay/FeebMe шоты
- Жол ақысын төлеу үшін Astana LRT шоты
Бұл ретте ата-аналар әрдайым жол жүру мен тамақтануды төлеу үшін баланың картада қанша қаражат бар екенін бақылап, қажет болған жағдайда шотты толықтыра алады.
Мектеп көлік картасын Қошқарбаев 50/1 мекенжайы бойынша орналасқан Орталық кассадан алуға болады. Кассаның жұмыс кестесі: сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін.
Өзімен бірге оқушының туу туралы куәлігі, 3х4 фото, мектептен анықтама, ата-анасының жеке куәлігі болуы қажет.
Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz