5784

«БізАлматы» жобасы Нұр-Сұлтанда: қатысушылар тұрғындарды қаланы дамытуға тарту бойынша тәжірибе алмасты

Елордада билік органдары, бизнес өкілдері, азаматтық белсенділер мен әлеуметтік кәсіпкерлердің қатысуымен «Қала тұрғындарын қаланы дамытуға тарту бойынша Алматы және Нұр-Сұлтан қалаларының тәжірибе алмасуы» тақырыбында Еуропалық одақтың «БізАлматы» жобасының конференциясы өтті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.  

Ауқымды іс-шара аясында қатысушылар Алматы, Нұр-Сұлтан қалаларындағы табысты іске асырылып отырған жобалармен танысып, Ұлыбританияның азаматтарды қала дамуына тартудағы тәжірибесін зерттеп, көлікті кешенді дамыту, қолжетімді және жайлы қалалық орта құру, шеткі аудандарды дамыту мен экология мәселелерін талқылады.
Еуропалық одақтың Қазақстан Республикасындағы өкілдігінің Серіктестік бойынша басшысы Йоханнес Стенбаек Мэдсон: «Біз Алматы қаласы әкімшілігі мен жергілікті қоғам мүшелеріне азаматтық белсенділікті нығайту, жергілікті дамыту басымдықтарының ортақ түсініктерін қалыптастыру және өзекті мәселелер үшін әділ іс жүзінде шешімдер табу арқылы көмектесетін WeAlmaty жобасының көмегімен Қазақстанның ең ірі қаласында азаматтық қоғамның құқықтары мен мүмкіндіктерінің артуына ықпал ететінімізді мақтан етеміз. Президент Тоқаев өзінің жақындағы Қазақстан халқына жолдауында атап өткендей, ондай шынайы екіжақты диалог тек қолдау тауып қана қоймай, қазақстандықтардың мүдделері мен асқақ мақсаттарын ескеретін, заманауи әрі тиімді «халық үніне құлақ асатын» мемлекетке тән үрдіс. Бұл жоба сондай-ақ 2015 жылғы 100 нақты қадам – қазақстандық ұлт жоспарына, атап айтқанда 97, 98 және 99 қадамдарға толықтай сәйкес келеді»,- деген пікірде.
Сондай-ақ конференцияға қатысушылар Нұр-Сұлтан қаласының нақты проблемалы кейстерін қарап, өз ұсыныстарымен бөлісті. Шара нәтижесінде қалалық даму акселераторы негізінде жұмыс жасайтын белсенді қала тұрғындарының жұмыс тобы құрылды.
Елордадағы бірыңғай байланыс орталығы туралы оның басшысы Жаннат Дүбірова айтып берді: «Бүгінде iKOMEK109 тек әкімдіктің Бірыңғай байланыс орталығы ғана емес, бұл елорда тыныс-тіршілігіне мониторинг жасау үшін цифрлық технологияларды қолданатын қаланың толыққанды Жағдаяттық орталығы. Цифрлық технологиялар to generate Data мүмкіндігін береді, біз оларды BIG DATA технологиясының көмегімен өңдейміз. Бұл платформа бізге жүйелік проблемаларды талдап, оны анықтауға мүмкіндік береді. Жүйелі мәселелерді шешу үшін қала тұрғындарының белсенді атсалысқаны керек. Тек бірлесіп, күш біріктіріп, біз қаланы өмір сүруге барынша жайлы ете аламыз»,-дейді.
Іс-шараны Британ Кеңесі, «Алматы қаласын дамыту орталығы» АҚ, Қазақстан-Британ техникалық университеті және Алматы және Нұр-Сұлтан қалаларының әкімдіктері iKOMEK109 қалалық мониторинг және жедел әрекет ету орталығымен бірлесіп, Еуропалық Одақтың қаржылық қолдауымен іске асырылатын «БізАлматы» жобасы аясында ұйымдастырды.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109