5020

Елорда әкімдігінің Қарттар күніне қалай дайындалып жатқаны белгілі болды

1 қазанда Қазақстанда Қарттар күні аталып өтіледі. Нұр-Сұлтан қаласында бұл күннің қалай өтетіні белгілі болды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Жыл сайын бұл мерекеде жасы келген зейнеткерлерге бір реттік төлем жүзеге асырылады, биыл оның көлемі - 6313 теңге (2,5 АЕК). Ең төменгі көлемде зейнетақы алушылар бұл соманы ала алмайды, себебі әкімдік оны Конституция күніне орай берді.

Нұр-Сұлтан қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы басшысының орынбасарының м.а. Илья Скубтың айтуынша, 1 қазанда аталып өтетін Халықаралық қарттар күніне орай 6313 теңге (2,5 АЕК)  көлемінде бір реттік төлем беріледі. Ең төменгі көлемде зейнетақы алушылар бұл соманы ала алмайды, себебі әкімдік оны Конституция күніне орай берген болатын. 

«Нұр-Сұлтан қаласында жасы бойынша 82 мың зейнеткер бар, оның 57-і ҰОС ардагері, оған теңестірілген тыл еңбеккерлері, 25 мың мүмкіндігі шектеулі жандар. Қаланың зейнеткерлері үшін тегін жолақы бар, сондай-ақ тісін протездеу қызметі көрсетіліп, олар санаторлық-курорттық емдеуге жіберіледі. Жасы бойынша зейнетақы алушылар жолдама құнының 35% төлейді, қалғанын мемлекет өтейді. Ал ең төменгі зейнетақы алушылар жолдама құнынын 25%, ал қалғанын Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі жабады. ҰОС ардагерлері мен оларға теңестірілгендер және мүмкіндігі шектеулі жандар үшін жолдама тегін», - деді ол.

Сонымен бірге, Қарттар күнінде «Астана» концерттік залында мерекелік музыкалық бағдарлама қойылады. Онда ардагерлердің шығармашылық ұжымы өнер көрсетеді. Мерекеге орай фотокөрме, шығармашылық өнер экспозициясы, флешмоб, экскурсия ұйымдастырылады. Қала кәсіпорындары мерекеге орай 40 мың адамды қамту жоспарланып отыр.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109