3764

Елордада 50-ден астам қосымша ұялы байланыс станциялары орнатылады

ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі А. Жұмағалиев пен елорда әкімі А. Көлгінов ұялы байланыс сапасын арттыру аясында 50-ден астам базалық станцияны орнату үшін жол картасына қол қойды. Ұялы байланыс операторлары өздерінің базалық станцияларын орналастыра алатын аса проблемалы аудандарда 5 арнайы антенна-діңгек құрылғыларын орнату бойынша пилоттық жоба іске асырылуда.

ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің басшысы атап өткендей, ұялы байланыс сигналының сапасы тікелей құрылыс тығыздығына және ұялы операторлардың базалық станцияларының орналасуына байланысты. Қиындықтар осындай антенналардың жетіспеушілігінен туындайды.

"Кейде операторлар антенналарды орналастыра алмайды, себебі режимдік объектілерде оларды орнатуға тыйым салынады, ал тұрғын үйлердің шатырларында орналастыруға кейбір тұрғындар рұқсат бермейді. Сондықтан біз әкімдікпен келісе отырып, арнайы мачталарды орнату үшін пилоттық жобаны бастауды шештік. Пилоттық жоба базалық станциялардың тығыздығын арттырып, сәйкесінше елордада сигнал сапасын жақсартуға мүмкіндік береді.", - деп атап өтті Асқар Жұмағалиев.

Бірінші кезекте антенналық-діңгекті құрылыстар Арнау, Камал, Ақбұлақ-3 елді-мекендерінде, Dream City – Nova City тұрғын үй кешендерінде орнатылады.

"Біз үшін бұл жобаның маңызы зор. Біз елорда тұрғындарының ұялы байланысының сапалы болғанын қалаймыз. Ғимарат иелерімен, ПИК төрағаларымен келіссөздер жүргізіліп, келісім-шарт жасалды. Сигнал қабылдау деңгейі төмен жерлерде жыл соңына дейін базалық станцияларды орнату үшін 20 қосымша орын ұйымдастырамыз. Матчтық құрылымдар жеке инвестициялар есебінен тұрғызылады", - деді А. Көлгінов.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109