4071

Қарашада елордада жұмысшы жастарға арналған арендалық баспанаға өтініш қабылдау басталады

Жастар жылы аясында биыл жұмысшы жастарға 1050 арендалық баспана беру жоспарланып отыр. Бұл туралы бүгін мәслихатта Нұр-Сұлтан қаласының Қоғамдық даму істері басқармасының басшысы Талғат Рахманберді мәлімдеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

«Мемлекет басшысы биылғы Жолдауында әлеуметтік саясаттың басым бағыты қолжетімді баспанамен қамтамасыз ету екендігін айтты. Ағымдағы жылдың қараша айында біз жұмысшы жастарға жалдамалы 1050 пәтерге өтініш қабылдауды бастаймыз. Өтініштер  Smart Astana платформасы көмегі арқылы жүзеге асырылады», - деді ол.

Бұған қоса, басқарма басшысы елордада жүргізіліп жатқан жастарды қолдау шараларына тоқталды.

«Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы шеңберінде жас кәсіпкерлерге  гранттар беріледі. Биыл 63 жас кәсіпкер грантқа ие болды», - деп қосты Рахманберді.

Бұған қоса, әкімдік әлеуметтік аз қамтылған отбасылардың балаларын қолдауға баса назар аударатынын айта кеткен жөн. Мәселен, биыл тұрмысы төмен отбасыларлардың 165 баласы грантқа ие болып, оның 140-ы ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, инженерлік, ауылшаруашылығы және биоресурстар саласына оқуға түсті. Қалған 25-і педагогика ғылымына байланысты мамандық бойынша білім алып бастады. Сонымен бірге, әлеуметтік аз қамтылған отбасыға жататын 49 түлек Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің арнайы грантына ие болды. Олар жетімдер, баллаар үйінің түлектері, мүгедек және ата-ананың қамқорлығысыз қалған, көпбалалы отбасылардың балалары қала экономикасы үшін маңызды басымлыққа ие мамандық бойынша оқуға түсті.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109