«Қайырымдылық керуені» байқауына өтінім қабылдау қарашаның соңына дейін жалғасады
Қазақстанда 2-ші қыркүйекте басталған ІІ «Қайырымдылық керуені» республикалық байқауына өтінім қабылдау қараша айының соңына дейін жалғасады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Байқау ҚР Тұңғыш Президенті-Елбасы Қоры, Қазақстанның Іскер әйелдері қауымдастығы, «Хабар агенттігі» АҚ, республикалық «КТК» телеарнасы және «Оқжетпес» емдеу-сауықтыру кешенімен ұйымдастырылып отыр.
Айтулы байқауға сауапты әрі қайырымды істерімен басқа адамдарға үлгі көрсетіп, ынталандыра алатын жандар қатыса алады.
«Қайырымдылық керуені» елімізде қайырымды бірақ көпшілік біле бермейтін адамдардың көп екенін көрсетіп отыр. Олардың әрекеттері тек таңдандырып қана қоймай, көпшілікке үлгі бола алады. Бұл байқау мұқтаж жандарға жәрдемдесіп, қиын-қыстау кезде көмек қолын созып, жақсы іс істесеген адамдарға арналған», - деді еңіз бұл байқау сіз үшін», -Қазақстанның Іскер әйелдері қауымдастығының президенті Раушан Сәрсембаева.
Байқаудың жеңімпаздары 2020 жылдың ақпан айының соңында, Алғыс айту күні қарсаңында анықталады.
«Қайырымдылық керуені» аясында бес аталым қарастырылған: «Асар» (қайырымдылығы халықтың салт-дәстүрімен байланысты адамдарды ынталандыруға бағытталған), «Туған жер» (білім, экология, абаттандыру, мәдени нысандарды қалпына келтіру бойынша өзінің туған өлкесіне жәрдемдескендерге), «Батыл жүрек» (қандай да бір ерлік жасаған адамды ынталандыру), «Мейірім жолында» (өз еркімен және қайтарымсыз негізде көмек көрсетіп, қайырымдылық жасаған тұлғаға табысталады) және «Қайырымдылық тарихы» (БАҚ-тағы қайырымдылық тақырыбын насихаттаған журналистерге немесе шығармашылық ұжымға арналған).
Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz