4224

Цифрлық белсенділік танытқандарға сыйлық

Smart Astana мобильдік қолданбасында 200 ұпай жинау әбден мүмкін. Оларды бағалы сыйлықтарға алмастырып алуға болады.  Бұл жөнінде Нұр-Сұлтан қ. әкімінің орынбасары  Малика Бектұрова өзінің телеграм каналында хабарлады (https://t.me/MBekturova)

«Мысал үшін, 2000 ұпай жинап, астаналық театрлардың біріне билет ала аласыз, 1800 ұпаймен - көлік картасын толтыра аласыз, 1900 ұпайға – елорданың логотипі басылған ыдыс түседі, ал фирмалық футболка – 2500 ұпай тұрады», - деп атап өтті Бектұрова.

Ұпайларды «Атамекен» ҰКП-ның бизнес пен үй шаруашылығының қажеттіліктерін айқындау мақсатында жасаған сауалнама-скринингін толтыру арқылы жинай аласыз.  Ал Smart Astana мобильдік қолданбасы сауалнама жүргізуді тұрғындар үшін ыңғайлы етті. Үйден шықпастан, жылдам әрі әділ.

«Ол үшін Smart Astana қолданбасына кіріп, «Белсенді тұрғын» бөліміндегі «Тұрғындар мен қонақтарға сауалнама» рубрикасының сұрақтарына жауап берсеңіз болды», - делінген хабарламада

Бірінші күннің өзінде-ақ, жарнамасыз, тек пуш-хабарлама арқылы ол сауалнаманы 320 адам толтырып үлгірді.

Цифрландыру  – бұл ыңғайлы.

Smart Astana мобильдік қолданбасын жүктеу үшін сілтеме:

http://new.smart.astana.kz/iOS

http://new.smart.astana.kz/Android

https://youtu.be/72pVegR8ZDo 

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109