Елордада «True or False» жобасы басталады
Нұр-сұлтан қалалысының Коғамдық даму істері басқармасының бастамасымен «True or False» жобасына қатысуға өтінімдер қабылдау басталды, елорда әкімдігінің ресми сайты.
«True or False» жобасы жастардың сыни ойлауы мен ақпараттық сауаттылығын дамытуға бағытталған. Жоба аясында «True or False» сыни ойлау мектебі ашылады, мектептің мақсаты жастардың сыни ойлауын, киберкеңістіктегі ақпаратты талдау дағдыларын қалыптастыру болып табылады.
«Жастар ақпараттың таратылу жылдамдығы және технологиялардың қарқынды дамуына дайын болу тиіс. Тақырыптың өзектілігіне байланысты аталмыш жоба ұйымдастырылды», – деп атап өтті басқармада.
Айта кетейік, аталмыш жоба «Рухани жаңғыру» бағдарламасы шеңберінде жүзеге асырылып отыр. Жобаға сәйкес, қазан айынан қараша айына дейін елордада 14-29 жас аралығындағы 150 қатысушы үшін тренинг өткізіледі.
Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz