Нұр-Сұлтанда «Көше саудасы – 1000 орын» бағдарламасына қатысуға өтінім қабылдау басталды
Бүгін, 14 қазанда астанада «Көше саудасы – 1000 орын» бағдарламасына қатысуға өтінім қабылдау басталды. Өтінім қабылдау 30 қазанға дейін жалғасады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Қала әкімінің орынбасары Мәлика Бектұрованың айтуынша, бағдарлама шеңберінде 100 жер учаскесі жүзеге асырылады, оның 80-і www.gosreestr.kz сайтында және 20-ы Астана Innovations сайтында.
Бұл жер телімдерінде жылжымалы тамақтану орынын, кофехана, нан-тоқаш өнімдері, балмұздақ, ажеміс-жидектер, газеттер, гүл дүңгіршегі, кәдесый дүкендерін ашуға болады.
«2017 жылдан бері жүргізілген конкурстар нәтижесі бойынша «Astana» ӘКК» АҚ кәсіпкерлермен 557 жер телімі бойынша субаренда келісімін жасады. Бағдарлама 1500-ден астам жұмыс орнын ашты. Жеке инвестициялардың сомасы шашамен 1,1 млрд.теңгені құрады», - деді Бектұрова.
Бағдарлама туралы Ә.Мәмбетов көшесі, 24. 6 қабат, 602 кабинет мекен-жайына барып немесе 8 (7172) 61 35 54 телефоны арқылы білуге болады.
Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz