Нұр-Сұлтанда MICE индустриясы бойынша тренинг өтеді
12-13 қарашада елордада Сербиядағы Конференциялар бюросының бас директоры Игорь Ковачевичтің шеберлік сағаты өтеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Нұр-Сұлтанда қалалық туризм бойынша өткен 8-ші жаһандық саммит шеңберінде ICCA халықаралық конгресстер мен конференциялар қауымдастығының кездесу индустриясы туралы шеберлік сағаты өтті. Онда спикер ретінде ICCA ұйымының Еуропа бойынша өңірлік директоры Элиф Фысуноглу қатысқан болатын .
Осыған орай, аталған саланы тереңірек түсіну үшін 12-13 қарашада елордада Сербиядағы Конференциялар бюросының бас директоры Игорь Ковачевичтің шеберлік сағаты өтеді. Шара барысында кездесу индустриясының маңызды мәселелері: MICE-индустрия дегеніміз не, MICE-өнімді қалай жасау керек, дестинациялардан жақсы әсерді қалай қалдыру керек, тұтынушылармен қарым-қатынасты қалай дамыту керек,сторителлинг дегеніміз не және т.б.талқыланады.
Айта кетейік, Игорь Ковачевич Сербиядағы Конференциялар бюросының бас директоры. Соңғы бес жылда қазіргі лауазымын атқару кезінде ол Сербияны әлем бойынша MICE бағыттары тез дамыған елдердің қатарына қосты. Атап айтқанда, Ковачевич Сербияда дестинация бойынша 70 халықаралық іс-шараның өтуін қамтамасыз етті. одан 45 млн.доллар көлемінде тікелей табыс түсті.
Шараның ұйымдастырушысы «Астана Конвеншн Бюро» аталған тақырыпқа қызығатын барлық азаматтарды Игорь Ковачевичтің тренингін тамашалауға шақырады.
Тіркелу үшін https://www.astanacb.com сілтемесіне өту керек.
Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz