Елорда әкімі Есіл өзенінің арнасын қалпына келтіру барысымен танысты
Елорда әкімі Алтай Көлгінов таңғы аралау кезінде Есіл өзенінің арнасын қайта жаңарту барысымен танысты. Қазір өзен түбін тереңдету және ұзындығы 2 км астам арнаны кеңейту жұмыстары жүргізілуде. Негізгі мақсаты-қала аумағын тасқын су басудан қорғау.
Бұдан басқа, жағалау аумағы абаттандырылады: жарықтандыру тіректері, орындықтар, урналар орнатылады және брусчатка салынады. Бөгет құрылысының аяқталу мерзімі-2020 жыл, арнаны қайта жаңарту ағымдағы жылдың соңына дейін аяқталады.
Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz