3484

Нұр-Сұлтанда туризмді дамытуға арналған үздік IT-жобалар таңдалды

Ел астанасында туристік шешімдердің инновациялық конкурсы аяқталды, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің ресми сайты.

Қатысушылар байқаудың бірінші күнінде ұйымдастырушылар мен серіктестер ұсынған мынадай міндеттерді шешетін ІТ-өнімді әзірлеу қажет болды:

Ең алдымен, қалаға келушілердің жайлы болуын қамтамасыз ету және қызмет алу үшін мобильді қосымшаны әзірлеу қажет.

Екіншіден, ивенттерді сүйемелдеу үшін мобильді қосымшаны дайындау керек.

Үшіншіден, виртуалды туроператордың жұмысына өзгеріс енгізу, яғни туристің күрделі турларын 24/7 365 форматында онлайн жасау қажет;

Төртіншіден, туризм саласында бизнесті оқытуға арналған онлайн алаң ұйымдастырған жөн.

Бесіншіден, агенттердің авиабилеттерді сату туралы ақпаратты жинау үшін платформа құру керек.

Биылғы байқауда 157 адам ресми сайтқа тіркелді. Тек 12 команда финалға шығып, оның ішінде үшеуі жүлделі орындарға ие болды.

Қазылар алқасының шешімімен мына қатысушылардың шығармашылығы белгіленді:

«Tourer» жобасымен «Team/o» командасы жеңімпаз атанды. Олардың жобасы үйден шықпай-ақ нақты мөлшерде өз айналасында пейзаж және заттарды біле отырып, дұрыс орынға AR саяхат жасауға мүмкіндік береді.

Екінші орын иегері – «SuInnovations». Бұл ұжым аймақтағы өткізілетін іс-шаралар туралы деректерді автоматтандыру бойынша сервисі бар. Олар 150 000 теңге ұтып алды.

Үшінші орын «Google» командасына бұйырды. Олардың «Виртуалды туроператор» жобасы 100 000 теңге ұтып алды. Бұл бағдарлама саяхат кезінде туристерге бара алатын күрделі маршруттарды құрайды.

«Turismo» жобасымен қатысқан «Creator Deluxe» ұжымына 100 000 теңге көлемінде қосымша жүлде берілді. Бұл жұмыс пайдаланушыға Machine Learning жүйесінің көмегімен оңтайлы және тиімді тур құруға мүмкіндік береді.

Аталған іс-шараны «Астана Innovations» АҚ, сондай-ақ «Kazakh Tourism» ҰК АҚ, «Астана Конвенцшн Бюро» ЖШС, Astana IT University және Henry Technologies қолдауымен қала әкімдігі ұйымдастырды.

Айта кетейік, 2017 жылдың басынан бастап «Астана Innovations» АҚ 15 стартап-конкурс өткізді ( 8 СтартапУикенд және 6 Хакатон). Іс-шараға республиканың әр өңірінен 5000-нан астам адам қатысты.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109