8937

«Елорда жастары сыйлығы» жобасына 1000-ға жуық өтінім түсті

Нұр-Сұлтан жастары арасындағы «Елорда жастары сыйлығы» жобасына 1000-ға жуық өтінім түсті. Жабық комиссия отырысында әр номинацияда лауреат атағына үш үміткер іріктелді, деп хабарлады қала әкімдігінің ресми сайты.

Жобаның ұйымдастырушысы – елордалық Қоғамдық даму істері басқармасы. Нұр-Сұлтан жастары арасында «Елорда жастары сыйлығы» жобасына өтінімдер қабылдау аяқталды. Комиссияның жабық отырысы 22 қазанда өтті.

Барлық номинациялар бойынша 1000-ға жуық өтінім келіп түскен. Әр номинация бойынша үздік үштік анықталды. Жаңадан қосылған «Ұлттық өнер» және «Үздік жастар театры» бойынша келіп түскен өтінімдер саны көп болғандықтан комиссия мүшелері 4 үміткерге, «Үздік студент» номинациясы бойынша 5 үміткерге мүмкіндік беруді жөн деп тапты.

Жоғарыда аталғандардан басқа «Ғылым», «Спорт», «Эстрада», «Кино және театр», «Өндірістің үздік қызметкері», «Әлеуметтік саланың үздік қызметкері», «Қазіргі заманғы шығармашылық өнер», «Жас кәсіпкер», «жылдың волонтері», «Үздік мемлекеттік қызметші» номинациялары бойынша үздіктерді марапаттау жоспарлануда.

Дауыс беру 6 қарашадан 26 қарашаға дейін жүзеге асырылады. Дауыс беру үшін, elordajastary2019.kz сайтында тіркеліп, электронды почтаңызға келген сілтеме арқылы өзіңіз лайық деп таныған үміткерге дауыс бере аласыз.  Байқауға 16 жасқа толған кез-келген Қазақстан Республикасының азаматы дауыс бере алады. Әр номинация бойынша тек бір үміткерге, яғни жалпы саны 15 үміткерге дауыс беруге мүмкіндігіңіз бар. Онлайн дауыс беру жалпыға құпия түрде жүзеге асырылады.

Жеңімпаздарды марапаттау рәсімі 8 желтоқсанда «Бейбітшілік және келісім сарайында» өтеді.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109