2518

Елордада «JANA BELES 2019» студенттер қатарына қабылдау рәсімі өтті

Бүгін «Қазақстан» орталық концерт залында «JANA BELES 2019» студенттер қатарына қабылдау рәсімі өтті, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Студенттер қатарына қабылдау рәсімі жастар жылы аясында Нұр-Сұлтан қаласы Қоғамдық даму істері басқармасы мен «Астана жастары» жастар ресурстық орталығының қолдауымен ұйымдастырылды.

Бірінші курс студенттерін елорда әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен құттықтады.

«Сіздерді қала басшылығының атынан студенттер қатарына қабылдау рәсімімен құттықтауға рұқсат етіңіз. Бұл жылдан-жылға жалғасып келе жатқан дәстүрлі мереке. Сіздер – біздің еліміздің негізін қалаушы, болашақ зиялы ұрпақ өкілдерісіздер. Мектеп қабырғасынан кейін студенттік шақтан бастап белгілі бір жетілу басталады. Бұл сізге өзін көрсетуге, бәсекеге қабілетті болуға мүмкіндік береді. Студенттік кезімде бір үлкен форумда Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесуге мүмкіндігім болды. Сонда ол бізге былай деген: «Жас, жарқын көздеріңе қарап, мен Қазақстанның болашағына сенемін». Бүгін Қазақстанның болашағы – біз бен сіз», - деді Б.Мәкен.

Оның айтуынша, жастар жылында мемлекет тарапынан жастарға үлкен деңгейде көңіл бөлінуде. Әсіресе, жастардың білім алуына, жұмыс істеуіне, өзін дамытуына арналған жобалар жүзеге асырылуда. Бақтияр Мәкен жылдағы дәстүр бойынша студенттерге студенттік билетті табыстады. Елорданың 16 ЖОО-нан іріктелген 32 бірінші курс студенттері сахнаға шығып, ант берді. Рәсім концерттік бағдарламамен жалғасты. Сахна төрінде «Ирина Кайратовна» музыкалық тобы, Мирас Жүгінісов, Ринат Мальцагов және басқа да танымал қазақстандық әртістер өз әндерін орындады.

Айта кетейік, қалада студент жастардың саны 82 мың болса, оның ішінде 56 484 студент 16 жоғары оқу орнында, 25 мыңнан астамы колледждерде білім алуда. Бүгінгі салтанатты жиын алғаш студент атанып, өмірдің жаңа белесіне қадам басқан 15 мың студенттің құрметіне арналды.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109