3421

Елордада «FROM.KZ» халықаралық жастар форумы өтеді

Нұр-Сұлтанда Тұңғыш Президент күні қарсаңында және Жастар жылының аяқталуы аясында «FROM.KZ» халықаралық форумы өткізіледі, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Шара 22 қараша күні Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде (Тұңғыш Президент аудиториясы, №208, Қ. Сәтбаев көшесі,2)  өтеді.

Оның мақсаты – жастарды біріктіру, қазақстандық патриотизм мен көшбасшылық қасиеттерді тәрбиелеу, пайдалы еңбекке, кәсіпкерлікке ынталандыру.

Форум ұйымдастырушы – Нұр-Сұлтан қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясы.

Аталмыш шара Тұңғыш Президент күні қарсаңында және Жастар жылы аяқталуы аясында өтеді.  Форум жұмысына Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Жақсылық Түймебаев, ҚР Парламентінің депутаттары, мемлекеттік органдардың өкілдері, қалалық құрылымдардың, қоғамдық ұйымдардың басшылары, сондай-ақ Ресей, Башқұртстан, Қырғызстан белсенді жастарының, елордалық этномәдени бірлестіктердің жастар қанатының өкілдері қатысады.

 Секциялық отырыстар келесі тақырыптар аясында өткізіледі: «Бизнес & Jastar»,  «Жастар – Отанға, Отан – жастарға», «Jastar. Мәдениет және спорт».

Диалог еркін форматта өткізіледі. Форум модераторлары мен спикерлері ретінде Қазақстанда және шетелде танымал жас бизнесмендер, халықаралық жастар қозғалысының көшбасшылары, танымал мәдениет және спорт қайраткерлері шақыртылды. Олар табысқа жетудің жеке тәжірибесімен бөлісіп, сұрақтарға жауап береді.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109