3608

Елордалық волонтерлар тұрғындарға ыстық шай ұсынды

Таңертеңнен бастап белсенді жастар шағын автобуспен қаланы аралап, елорда тұрғындарына ыстық шай таратты, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Қытымыр аяздың келуі мен ауа-райының нашарлауына байланысты жастар мен белсенділерден құралған еріктілер тобы #Нұрсұлтанқайырымдықала ауқымды акциясын ұйымдастырды. Қар түскелі бері соңғы екі апта бойы еріктілерден құралған жедел топтар зейнеткерлерге, жалғыз басты қарияларға аула аумақтарын қардан тазартуға көмектесіп, қатты аяз күндері адамдар көп жиналатын жерлерде - базарларда, аялдама кешендерінде және т.б. ыстық шай таратады.

Сондай-ақ, белсенділер автокөлік иелерін бірінші кезекте балалары бар әйелдер мен қарт адамдарды тегін тасымалдауға шақырады.

Таңғы сағат 8:00-ден 10:00-ге дейін, сондай-ақ кешкі сағат 18:00-ден 20:00-ге дейін орталықтың 40 еріктісі қаланы аралап, аялдамаларда шай мен кофе таратты. Жастар 1500-ге жуық қала тұрғындарын ыстық сусынмен жылытты. Тоңып қалмау үшін еріктілер ауысыммен жұмыс істеді.

 «Қазіргі уақытта қалада аяз күшейіп жатыр. Мектептерде сабақтар тоқтатылды. Осындай мейірімді іс-әрекеттермен біз айналаға жылылық, достық атмосферасын жасаймыз, жастарды адамдарға көмектесуге үгіттейміз. #Нұрсұлтанқайырымдықала акциясы осы қыс мезгілін толық қамтитын болады, сондықтан біз баршаңызды акцияға қосылуға және мұқтаж жандарға көмек көрсетуге шақырамыз. Әлеуметтік желілерде #Нұрсұлтанқайырымдықала хештегімен жақсы істеріңізбен бөлісуіңізді сұраймыз», - деді волонтер Инабат Қадырша.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109