Нұр-Сұлтанда Тұңғыш Президент күніне орай фотокөрме ашылады
Тәуелсіздік сарайында Тұңғыш Президент күніне арналған «Елбасы арманы - асқақ Нұр-Сұлтан» атты фотокөрменің ашылуына қызу дайындық жүріп жатыр. Тұсаукесер 30 қарашада өтеді, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.
«Елбасы арманы - асқақ Нұр-Сұлтан» көрмесі 30 қарашада ашылып 31 желтоқсанға дейін жалғасады.
Экспозицияға Тәуелсіздік Сарайы қорынан алынған фотокжинақтама мен кітаптар енді. Атап айтқанда, Елбасының қызметі, негізгі идеялары, бастамалары, тәуелсіздіктің қалыптасу жылдары, ішкі және халықаралық аренадағы экономикалық және саяси жетістіктері, еліміздің Тұңғыш Президентінің қазіргі тарихтағы рөлі туралы баяндайтын фотосуреттер ұсынылады.
Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz